Тұрғын үйлердің ауласын су басып қалған

1 517

Фото: Lada.kzМұнайлы ауданында қар еріп, аулаларды су басып жатыр.Үйлері мен аулаларын су басқан тұрғындар 100 шақты арыз түсірген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Мұнайлы ауданы әкімдігінің мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері су басуға байланысты 100 өтініш тіркелген. Оның ішінде кейбір өтініштер бірнеше рет қайталанған.

“Көп жағдайда тұрғын үйлер мен аулалар маңында су уақытша жиналып қалады, алайда баспаналарға айдарлықтай зиян келмеген”, – дейді шенеуніктер.

25- ші қаңтардағы жағдай бойынша Қызғалдақ көшесінде орналасқан алты тұрғын үй, сондай-ақ ауылдық округтегі 75 үйдің ауласын су басқан.

Әкімдік су басқан аумақтарда суды сорып шығару жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Бұл мақсатта арнайы сорғылар пайдаланылып, дренаж жүйелері жұмыс істеп тұр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.