Спорт мектебінің есепшісі 8,3 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған

237
Павлодарда спорт мектебінің есепшісі бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті  облыстық туризмді және спортты дамыту басқармасы «Батыр» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің есепшісі  бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Оның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 8,3 млн теңгені құрайтын материалдық залал келтірілген.


Тергеу барысында айыпталушы  2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап  2020 жылдың 11 қарашасына дейінгі кезеңде білім беру және ақылы қызметтерді көрсетуден, оның ішінде спорттық жабдықтарды, объектілерді жалға алуды, пайдалануды, конькилерді, шаңғыларды, роликті конькилерді, жүзу бассейндерін жалға беруден түскен түсімдерді (қолма-қол ақшаны) өндіріп алғаны белгілі болды. Сонымен бірге бухгалтерлік есеп ережесін бұза отырып, кассалық чек бермеген, - деп жазылған экономикалық тергеу департаментінің хабарламасында. 

Павлодар қаласының № 2 соты үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу  туралы үкім шығарды.