Алматы қаласында әкесі өз балсын аяусыз ұрған
286
15 тамызда Алматыда әкесі кәмелетке толмаған ұлын аяусыз ұрып-соққан. Бала ауруханаға дереу жеткізілді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Жас жігітке жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының контузиясы, маңдай қуысының алдыңғы қабырғасының депрессиялық сынуы, мұрын сүйектерінің сынуы диагнозы қойылды.Алматы ПД баспасөз қызметі
Алатау аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
Күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу барысы Алматы полиция департаментінің басшылығының бақылауына алынды.
Бұған дейін БАҚ әкесінің ұлын намаз оқымағаны үшін ұрып-соққаны туралы жазған болатын.