Шенеуніктер мұқтаж отбасыларға ашыған сүт пен ішуге жарамайтын шай таратқан
279
Атырауда көпбалалы аналар ашуға булығып отыр. Себебі, шенеуніктер жағдайы нашар отбасыларға ашып кеткен сүт, ішуге жарамайтын шай берген,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Аналардың айтуынша, шенеуніктер тұрмысы төмен отбасыларға көмек ретінде азық-түлік таратқан. Ал әлгі тамақ өнімдерінің арасынан мерзімі өтіп кеткен сүт пен өте арзан шай шыққан. Шенеуніктердің бұл ісіне ашуланған көпбалалы аналар шайды ішпей, қала әкімі Мейірім Қалауиге сыйлауды жөн санапты.
«Аналарға көмек» қоғамдық қорының төрайымы Сандуғаш Көкенова облыстық әкімдіктің атынан келген шайды көрсетіп, уәжін жеткізді. Оның айтуынша, әкімдік таратқан шайды түрмедегілердің өзі ішпейтін көрінеді.
Ал әкім болса, көмекке мұқтаж отбасыларға берілген тауарларға қатысты мәселені анықтап, шара қолданатынын айтты.

«Үйіңізге апарып, қайнатып көріңіз. Осындай шәйді ішер ме едіңіз? Бұл шәйді түрмеде отырғандар да алмайды», – дейді ол.
«Мынау мазақ қылғаны ғой. Сүт ашып кеткен. Не масқара?! Ұят қой. Бір нан берсе де адал нан қып берсінші. Қатып қалған, көгерген нан бермесін!» – дейді ашынған аналар.