«2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы ұсынылды

257
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2023 - 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасын ұсынды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «2023 - 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасын ұсынды.

Өз сөзінде ол 2023 жылға түсімдер 17,8 трлн. теңге сомасында айқындалғанын атап өтті. Мәселен, мұнай емес түсімдердің үлесі ағымдағы жылы 59,8% - тен 2025 жылға қарай 78,2% - ке дейін өсумен көзделген.


2023 жылға арналған бюджет тапшылығы 2025 жылға қарай жалпы ішкі өнімге 2,5% - ке дейін төмендей отырып, жалпы ішкі өнімге 2,7% деңгейінде жоспарлануда.



Келесі жылға арналған бюджет шығыстары 21 трлн. теңге. Оның ішінде әлеуметтік шығындарға 10,6 трлн. теңге қарастырылып, едәуір бөлігі азаматтардың жекелеген санаттарына зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, біржолғы ақшалай өтемақы төлеуге тиесілі.


Ерұлан Жамаубаев сондай-ақ экономика салаларын қолдау және дамыту шығындарының параметрлері туралы айтты. Бұл мақсаттарға үш жылдық кезеңге 6,1 трлн. теңге, оның ішінде 2023 жылға 2,5 трлн. теңге қарастырылған. Атап айтқанда, көлік инфрақұрылымын дамыту, ауыз сумен және табиғи газбен қамтамасыз ету, бизнесті қолдау және басқа да басым міндеттерді іске асыру жоспарлануда.


Үш жылдық кезеңде өңірлерге республикалық бюджет қаражаты есебінен 19,8 трлн. теңге, оның ішінде 2023 жылға – 6,2 трлн. теңге немесе бюджеттің жалпы шығыстарының 29,3% бөлінеді.


Қорытындылай келе, Е.Жамаубаев заң жобасын Сенатта талқылау барысында депутаттардың ұсыныстары бойынша халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және өңірлерді дамытуға бағытталған бірқатар маңызды түзетулер енгізілгенін атап өтті.