Ауыл әкімі кімнің қоқыс тастап жүргенін түбіртектер арқылы анықтаған

1 508

Фото: ©коллаж/ktk.kzАқмола облысы Целиноград ауданының Қажымұқан ауылында әкім қоқысты бей-берекет тастайтындарға қарсы күрес жариялады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәртіп бұзушыларды анықтау көбіне оңай болып шыққан. Пакеттерде қалған чектен табуға болады. Чектерді және басқа да жанама айғақтарды іздеу әдісі нәтижелі болған. Жеке тұлғаны анықтауға полицейлер де көмектескен. Осылайша, бос жатқан жерлерге және өзгенің қоршауларының түбіне қоқыс тастаған үш тұрғын ұсталған. Олармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әкімшілік хаттамалар толтырылған. Өсіп бара жатқан стихиялық қоқыс үйінділеріне наразы болған үлгілі жергілікті тұрғындар әкімнің бұл бастамасын қолдап отыр.

"Біздің басты мақсатымыз - жазалау емес. Ауыл тұрғындарының тазалық мәдениетін қалыптастырып, оны арттырғымыз келеді. Бұл жұмысты алдағы уақытта да жалғастыра береміз",- деді Қажымұқан ауылының әкімі Алпамыс Әбенов.