16 жастағы мектеп оқушысы есірткі таратып жүрген жерінен ұсталды

1 819

Оралда «Қарасора – 2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде синтетикалық есірткі таратумен айналысқан 11-сынып оқушысы ұсталды, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Батыс Қазақстан облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Орал қаласының полиция басқармасының қызметкерлері 16 жастағы оқушыны есіртікі таратып жатқан кезде қылмыс үстінде қолға түсірді.


Жасөсірімді тінту кезінде ішінде ерекше иісі бар ұнтақ зат салынған жасыл түсті изолентамен оралған екі қаптама табылып, тәркіленді. Оның телефонын тексеру кезінде есірткіні жасыру орындарының координаттары анықталды. Координаттың көмегімен ішінде арнайы иісі бар ұнтақ салынған жасыл түсті изолентамен оралған 23 қаптама тәркіленді.


Тәркіленген заттың салмағы 20,18 грамм болатын синтетикалық есірткі заты екені белгілі болды.  


Енді мектеп оқушысы ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-тармағы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейін тергелетін болады.  


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.