ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ ҚЫЗУ ТАЛҚЫЛАНУДА

5 412

Бүгінде жасөспірімдер арасында түрлі уытқұмарлық заттарды пайдалану кеңінен таралуда. Алайда жергілікті тұрғындар заң қызметкерлері кәмелетке толмаған балаларымызды тінтіп-тексеру жұмыстары жиі жүргізілуде - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.


Бұл жайында Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған болатын. Жазбаға сүйенсек полиция қызметкерлері жасөспірімдерді тінту шарасы жүйелі қызмет атқарады-мыс. Жарияланған ақпарат кеңінен тарады. Бұған сенгісі келмегендердің  «рас па, әлде өтірік пе?» деп, таңғалғаны рас. Бірақ  жергілікті тұрғындардың пікірін оқи отыра, бұл ақпаратқа қалай сенбеске.  Бұған дәлел оқырмандардың пікірі.

«17 жастағы ұлымды полиция ұстап, қалтасын тексеріпті. Недеген сұмдық? Не үшін? Тексеру барысында қалтасына бірдеңе салып жібермеуіне кім кепіл? Мен таң қалып отырмын. Бұған кім жауапты? Кәмелет жасқа толмаған баламның қалтасын тексеру қаншалықты заңды? Ата-анасыз сөмкесін, қалтасын қарау қаншалықты дұрыс?», -деген жазба қалдырылған.


Жасыратыны жоқ, аталмыш оқиғаға тап болғандар саны күрт өскен бе, жарыса пікір қалдырушылардың қатары да едәуір көбейген. 


   


Ал жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қала әкімдігі жанынан құрылған топ пен жергілікті полиция қызметкерлері бірлесе рейд жұмыстарын қарқынды жүргізіліп жатқандығы баршаға мәлім.

Осы орайда жасөспірімдердің тергеп тексеру әрекеттері орын алуы мүмкін емес дейді сала мамандары.

«Бүгінде рейд қарқынды жүргізілуде. Полиция қызметкерлері тарапынан мұндай шаралар орын алмаған. Тексеру барысында полиция қызметкерлері сіздің сөмкеңізге не болмаса киіміңіздің қалталарына ұолын салып тексеру заңсыз болып есептеледі. Сіз өз еркіңізбен қалтаңыздағы не сөмкеңіздегі барлық заттарыңызды сыртқа шығаруыңыз қажет. Ал, әлеуметтік желідегі жазбаға келер болсақ, нақты мекен-жайы көрсетілмеген. Ол жалған ақпарат болуы да ықтимал»,- деді.


         Қоғам кәмілеттік жасқа толмаған азаматтардың жасаған қылмыстарын ақылдарының толмағандарынан деп есептейді. Сондықтан да жасалынып жатқан қылмыстар құқық қорғау органдарына хабарланбай жататынын да кездестіріп жатамыз. Ал, ата-аналар тарапынан да қараусыз қалған жасөспірімдер жиі қылмысқа баратыны тағы бар. Ал егер негізсіз тінту әрекеттері жүрсе қаперіңізде болсын:


Тінту ҚРҚК-нің 220 -бабына сәйкес жүргізілуі тиіс:

  • Қарап-тексеру бұған қажеттiлiк туындаған кезде, әдетте, кейiнге қалдырылмай жүргiзiледi. 
  • Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз немесе хабар ала отырып, оқиға орнына дереу келуге және қарап-тексеру жүргiзуге міндетті. 
  • Қарап-тексеру оның барысы мен нәтижелерін тіркейтін ғылыми-техникалық құралдар қолданыла отырып, ал осы баптың он үшінші және он төртінші бөліктерінде көзделген жағдайда куәгерлердің қатысуымен жүргізіледі. 
  •  Қажет болған кезде қарап-тексеру күдіктiнiң, жәбiрленушiнiң, куәнiң, сондай-ақ маманның қатысуымен жүргiзiледi. 
  • Қарап-тексеру кезiнде табылғанның және алып қойылғанның барлығы куәгерлерге, қарап-тексерудің басқа да қатысушыларына көрсетiлуге тиiс, бұл туралы хаттамада белгi жасалады.