ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖОҒАЛҒАН АДАМНЫҢ МӘЙІТІ ТАБЫЛДЫ

1 098
Қызылорда да жеке көлігімен  Бегімбай Саматтың мәйіті қазанның  22-інде табылды,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Қыркүйектің 12-де Қызылорда - Жезқазған тас жолына Нұр-Сұлтан қаласына  қарай бағыт алған Бегімбай Самат  «Subaru Lеgaсy» автокөлігін басқарып, қала ішінен күндізгі 10-шамасында бекет камерасына түскеннен ізім-қайым жоғалып кеткен болатын. Полиция бөлімшесіне ата-анасы мен жақындары хабарласып, хабар-ошарсыз жоғалу дерегіне қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталып, дереу іздестіру шаралары  қолға алынған.  Осы орайда 25 жастағы жоғалған жігітті іздестіру үшін  тікұшақтар мен жер талғамайтын автокөліктер, арнайы ізкесушілер мен иіссезгіш иттерде жұмылдырылған болатын. Десек те құзырлы орындардың зерттеу-зерделеу жұмыстарының 1 айдан астам  уақыт өтсе де, іздестіру шаралары тоқтатылмады.  

Ақсай полиция бөлімінің под-полковнигі Әбдіразақ Н. және криминалды  полиция бөлімінің под-полковнигі Көшеров С. мен ақпарат агенттігінің журналистерімен бірлесе  іздеу жұмыстары да жүргізілді. Абай Досан ауылдары мен Алматы, Жезқазған, Нұр-Сұлтан қалалары бағыты бойынша да іздестіріліп, ақпарат жинастырылды. Десек те, тергеу амалдары да басшылық назарында жіті бақылауда болды. 

Қалмас  жазық даласынан 19 – қазанда жол үстінде «Subaru Lеgaсy» автокөлігі табылды,-деген Қазақстан Республикасы экология,геология және табиғи ресурстар министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром ӨБ» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Қызылорда өңірлік филиалының топ жетекшісі Ибраев Р. мен Балжанов Н. және де Махамбеталиев Қ., Қазиев А., Тасқынбай М.,  Мадельханов Е. сынды инспекторларының қырағылығы мен жігерлігінің арқасында автокөлік табылып полиция бөлімшесіне хабар беріледі. Нәтижесінде, жоғалушы С.Бегімбайдың иелігінде болған жеңіл автокөлігі және жеке заттары табылып, айғақты зат ретінде алынған. Осы орайда, жалпы жұмыстардың жүргізіліуіне екі күн уақыт талап еткені қалай?  

Олай дейтініміз, 22-қазанда арнайы 55/47 әскери бөлімше солдаттары мен полиция бөлімшесінен жалпы 70 адам іздеуге жұмылдырылады. «Қызылорда-Жезқазған» тасжолының 128 шақырымынан батысқа қарай 30-40 шақырым қашықтықтағы далалық жерден белгісіз азаматтың мәйіті табылады.  Осы ретте, мәйітті тануға ұсыну туралы тергеу әрекетін және тиісті сот-сараптамаларын жүргізу нәтижесінде, белгісіз азаматтың мәйіті нақты кімге тиесілі екені анықталды.   Қызылорда облысы Полиция департаментінің тергеу басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Мұхтарұлы Асхат: «С.Бегімбайды анықтау бағытында кешенді жедел іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылып, оған жедел уәкілдер мен учаскелік полиция инспекторлары арасында құрылған бірнеше мобильді топтар, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, Ұлттық гвардияның сарбаздары және туған–туысқандары, жолдастары, еріктілер тартылды. Алғашқы айтылғандай нақты құқықты баға берілетін болады. Сот сараптамалық жұмыстары да жүргізілуде»,-деді.

 Қыркүйектің 12-нен қазанның 22-сі аралық уақытта іздеу нәтижесі бойынша, жоғалған Саматтың денесі екендігі танылады. «Саматымызды  таптық, бірақ әлі де сене алар емеспіз, тікұшақтары қалайша көлікті көрмеді, деген сұрақтар сананы жеп қоярдай.  Алдағы уақытта сот медициналық-сараптамасының жауабы   келеді  екен»,-деді Саматтың тәтесі Ақмарал. 

Жоғалған Бегімбай Саматтың мәйітін бүгінде ата-анасы мен туған туыстарына  жер қойнына табыстады. 

Иманы жолдас болғай!