Қазақстанда ең жоғары жалақы алатын мамандықтар қандай?

791
Ең көп жалақы "әскери іс және қауіпсіздік" саласы бойынша оқуды аяқтағандар- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Бұдан бөлек, "денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" бағыты бойынша түлектердің жалақысы салыстырмалы түрде жоғары – 207,9 мың теңге, сондай-ақ "техникалық ғылымдар мен технологиялар" бағыты бойынша – 200,9 мың теңге. Ең төменгі жалақы "ветеринария" түлектерінің арасында – 129,6 мың теңге, сондай-ақ "Ауыл шаруашылығы ғылымдары" – 130,6 мың теңгені құрады. 

 Бакалавриат түлектерінің арасында ең жоғары жалақыны "ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарын ұшуда пайдалану" бағытын бітірген түлектер алады – 1 млн теңгеден астам. 

Магистрлерге келетін болсақ, ең жоғары жалақыны – "іскерлік әкімшілік" (614,8 мың теңге), "қоғаммен байланыс" (500,7 мың теңге), "тау-кен ісі" (391,6 мың), "мұнай-газ ісі" (386 мың теңге), "есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" (374,7 мың теңге) салалары бойынша бітіргендер алады. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.