Шиелі ауданында газ, ауыз су және электр инфрақұрылымы дамып келеді

2 323

Фото: Аудан әкімдігіШиелі ауданында газдандыру, ауыз сумен қамту және электр инфрақұрылымын жаңарту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда 16 елді мекен табиғи газға қосылып, аудан халқының 80 пайызы газбен қамтылған. Ауыз сумен барлық тұрғындар толық қамтамасыз етілген. Бірқатар ауылдарда электр желілері жаңартылып, Шиелі қосалқы станциясын қайта жаңғырту жобасы басталды. Жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асуда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Газдандыру

Бүгінгі таңда Шиелі ауданындағы 16 елді мекен (Шиелі кенті, Бәйтерек, 22 бекет, Ы.Жақаев, Ақмая, Досбол датқа, Алмалы, Бестам, Жиделіарық, Байсын, Еңбекші, Алғабас, Н.Бекежанов, Ә.Тәжібаев, Ш.Қодаманов, Ортақшыл) табиғи газбен қамтылған. Бұл аудан халқының 80 пайызына жуығын құрайды.

Ауыз су

Аудандағы 85 мыңнан астам тұрғын 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтылған. Оның ішінде:

  • 22 елді мекен орталықтандырылған су жүйесімен,
  • 12 елді мекен жергілікті су көздері (скважина) арқылы,
  • 3 елді мекен «ТеміржолСу-Қызылорда» ЖШС арқылы қамтамасыз етілген.

Халық саны 200 адамға дейінгі Ақтам және Тоғайлы елді мекендеріне су тұщытқыш кешенді блок-модульдер орнатылды.

Электрмен жабдықтау

Бидайкөл, Жиделіарық және Ә.Тәжібаев ауылдарын сыртқы электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы толық аяқталды. Жұмыстарды «Орда-Құрылыс» ЖШС атқарған.

2025 жылы Шиелі қосалқы станциясын қайта жаңғырту жоспарланған. Жоба аясында:

  • Т-1 трансформаторы қуаты жоғары жаңа құрылғымен ауыстырылады,
  • Т-2 трансформаторы да жаңартылады,
  • Майлы ажыратқыштар вакуумды ажыратқыштарға алмастырылады,
  • Жедел басқару пульті жаңартылады.

Сондай-ақ, Бидайкөл және Ш.Қодаманов ауылдарындағы электр желілері жаңартылып жатыр. Жұмыстар ҚР Ұлттық қоры есебінен қаржыландырылып, тиісті мердігерлермен келісімшарттар жасалған.