Әйтеке би кентінің балабақшаларының алған асулары көп
Әйтеке би кентінің 5-ші квартал аталып кеткен аймағында орналасқан №21 «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасы» «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып, 2014 жылы қазан айының алтыншы жұлдызынан бастап пайдалануға берілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Балабақшаның материалдық-техникалық базасы заман талабына сай жабдықталып, педагог мамандар заманауи технологиялар бойынша білім жетілдіру курстарынан өтіп, ұлт болашағы – бүлдіршіндерді заман талабына сай тәрбиелеуде елеулі үлес қосып келеді.
Балабақшада 12 топ бар. Бұнда баланы қабылдау, ойын, жатын, ыдыс-аяққа және қол жууға арналған бөлме, меңгеруші, әдіскер кабинеті, логопед, дефектолог, есепші, педагог-психолог, шаруашылық меңгерушісі кабинеті, музыка, денешынықтыру залы, медициналық кабинет және оқшаулау бөлмесімен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар бүлдіршіндерге патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын, салауатты өмір салтына сай, болашақтың тірегі болатын дені сау, жан-жақты азамат етіп тәрбиелеуде балабақшада дене шынықтыру нұсқаушысы, педагог ұйымдастырушы, педагог-психолог, логопед, дефектолог мамандары, музыка жетекшісі, би жетекшісі жұмыс істейді.
Балабақшаның материалдық-техникалық базасы заман талабына сай жабдықталып, педагог мамандар заманауи технологиялар бойынша білім жетілдіру курстарынан өтіп, ұлт болашағы – бүлдіршіндерді заман талабына сай тәрбиелеуде елеулі үлес қосып келеді. Балабақша педагогтерінің озық тәжірибелерін аудан, аймақ, облыс көлемінде тарату мақсатында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі ұйымда тәрбиелеу мен оқыту үшін баланың жас ерекшеліктеріне сәйкес біліктері мен дағдыларын әрекет түрлерінде ойын арқылы қалыптастыру» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинарға аудандағы мектепке дейінгі ұйымдардан 200-ге жуық педагог қатысты. Сонымен бірге педагогтердің шығармашылық шеберлігін шыңдау, педагогикалық тәжірибелерін көпшілікке тарату, мектепке дейінгі балалардың заманауи ақпараттық-технологияларды пайлану арқылы білім, білік дағдыларын меңгерту мақсатында 2024 жылы 22 мамыр күні Қызылорда облыстық оқу орталығының ұйымдастырумен «Тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз етудегі жаңашыл бағыттар, ортақ ізденіс, тиімді нәтиже» тақырыбындағы облыстық вебинар өткізілді. Вебинарға облыстық оқу орталығы директорының орынбасары Г.Б.Дихамбаева, облыстық оқу орталығы мектепке дейінгі бөлімінің меңгерушісі Ж.С.Хожбанова және облыс көлемінде 100-ге жуық педагог қатысып, тәжірибе алмасып, оң пікірлерін айтты. Аталған семинарларда мектепке дейінгі мекемедегі білім берудің 5 дағдысы бойынша заманауи, ақпараттық технологияларды пайдаланып, өз тәжірибесін бөлісіп, шығармашылықпен жұмыс жасаған Г.Жұбаныш, М.Танирбергенова, А.Бауыржан, А.Утеген, Н.Нұрылла, С.Тұрғанбай, М.Шапихова, А.Жолмырзаева, Т.Казмамбетова, М.Мейрамбек, А.Нұрдәулет, Б.Көзімай, Г.Жолмырзаева, Г.Уразымбетова, Б.Сержанова, Р.Алгазиевалардың ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттері ұсынылды.
Ұйымдастырылған тәрбиелеу – білім беру жұмыстарының нәтижесінде балабақша бірнеше рет аудандық білім бөлімі, облыстық білім басқармасы, Қызылорда облыстық оқу орталығының және республикалық балаларды ерте дамыту институтының Алғыс хаттарымен марапатталды.