Қызылордада алаяқ 1 миллион теңгеге жұмысқа орналастыруға уәде берген
310
Қызылордада алаяқ 1 миллион теңгеге жұмысқа орналастырып беруге уәде берген, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Зардап шеккендердің сөзінше, таныстары емханаға жұмысқа орналастыруға уәде берген. Алайда өз қызметін ол 1 миллион теңгеге бағалаған.
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 49 жастағы қала тұрғыны анықталды.
"Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 2-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпас шарасы тағайындалды", – делінген хабарламада.
Полицейлер қазір аталған деректің мән-жайын анықтап жатыр.