Қазақстан Республикасында өтетін Сырдария өзені күніне арналған суреттер мен эссе/өлеңдер байқауы

332
Сырдария өзені күнін тойлау аясында Су ресурстары және қоршаған орта жөніндегі USAID Өңірлік жобасы мен Қызылорда обылысы әкімдігі және Арал-Сырдария бассейні инспекциясы жастарды екі байқауға қатысуға шақырады,-  деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агентiгi.

Олар: сурет байқауы (7-15 жас аралығындағы балалар арасында) және эссе/ өлең байқауы (бакалавриат студенттері арасында).

Тақырып: «Сырдария өзені – достық өзені».

Сурет байқауы (Қызылорда және Түркістан обылысында тұратын 7-15 жас аралығындағы балалар арасында)

Сурет салу кезінде төменде берілген талаптарды ескере отырып, Сырдария өзенінің еліміз бен Орта Азия үшін маңызына көңіл бөлу керек:

Суретті А4 форматындағы қағазға салу керек.


Суретті акварельмен, гуашьпен, тушьпен, пастельмен, түрлі-түсті немесе жай қарындашпен салуға болады.
Жұмысты сканнерлеп, info@carececo.org электрондық поштасына жіберу керек; Хатта «Сырдария өзені күні – Қазақстан Республикасы» деп көрсетіңіз.


Өтініш толтырған кезде автордың толық аты-жөнін, жасын, оқу орнын, тұратын мекен-жайын, электронды поштасын және баланың заңды өкілінің телефонын көрсетіңіз.
Өтініш берудің соңғы күні – 15 тамыз.
 
Шығарма/өлең байқауы (Қызылорда және Түркістан обылысының бакалавриат студенттері арасында)

Эссе/өлеңді қазақ немесе орыс тілінде жазуға болады. Оларды бағалау критерийі төмендегідей:

Іс-шара тақырыбына сай келуі керек
Өз бетімен жазылған және
Автордың жеке көзқарасы мен уәжі болуы керек
Басқа талаптар:

Word форматында, қәрпі Times New Roman (14)
Эссе екі беттен аспауы керек.
Өлең бір беттен аспауы керек
Цитатада берілген дереккөздер сілтеме ретінде көрсетілгені жөн.
Жұмысты info@carececo.org электронды поштасына жіберіп, хат тақырыбын «Сырдария өзені күні – Қазақстан Республикасы» деп көрсету керек.
Өтініш толтырған кезде автордың толық аты-жөнін, жасын, оқу орнын, тұратын мекен-жайын, электронды поштасын және телефон номерін көрсетіңіз.
Өтініш берудің соңғы күні – 15 тамыз.
 Жеңімпаздарға электронды пошта арқылы хабарлап, оларды 24 тамызда Қызылорда қаласында өтетін 


«Қазақстан Республикасында Сырдария өзені күнін атап-өту» іс-шарасы кезінде марапаттайды.

Сондай-ақ, жеңімпаздар 26 қыркүйекте Қызылорда қаласында өтетін Сырдария өзені күнін өңірлік деңгейде тойлап өту іс-шарасында шығармашылығын көпшілікпен бөлісуге шақырылады.

04 тамыз 2022
ТҰРМЫСТЫҚ ҚАТТЫ ҚАЛДЫҚТАР БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ
28 шілде 2022
СУДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ – БҮГІНГІ КҮН ТАЛАБЫ
28 шілде 2022
Хабарландыру
27 шілде 2022
«ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМҒА ҚАДАМ!»
25 шілде 2022
Қазақстан Республикасында Сырдария өзені күнін мерекелеуге арналған «Туған өлке өзендері» балалар суреті байқауының тұжырымдамасы.