Мәдениет саласында атқарылған жұмыстарға шолу
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасындағы тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының басты мақсаты мемлекеттік тілді меңгеру, дәрежесін бақылау тетіктерін енгізу жұмысын ұйымдастыру болып табылады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар, қоғамдық өмірдің барлық саласында мемлекеттік тілге қажеттілік болуына, оның басқа тілдердің тұғырын одан әрі сақтау жағдайындағы тиісінше қолданылу сапасына және меңгерілу деңгейіне жүйелі мониторинг жүргізіліп келеді. Қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің құжат айналымдарының мемлекеттік тілде жүргізілуіне ай сайын мониторинг жүргізіліп тұрады. Мемлекеттік тілде шығысталған құжат айналымы 2024 жылдың IІ тоқсан қорытындысымен 100 пайызды құрап отыр.
Есепті мерзімде қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекеттік тіл саясатын жүргізу мақсатында 15 әртүрлі іс-шаралар өткізілді.
Оның ішінде: 1 облыстық байқау, 1 қалалық байқау, 13 әртүрлі бағыттағы шаралар.
Ономастика туралы Бөлімнің үлкен бір міндеттерінің бірі ономастикалық комиссияның жұмысын ұйымдастыру.
Ономастика саласындағы жұмысты жетілдіру барысында Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру жұмыстары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысына сәйкес жүргізіледі.
Қаланың 760 көшесінің 430 көшесі кісі есімімен, 263 көше тарихи жер-су атауларымен аталған, 107 шартты атау берілген.
Маңдайша жазулары және жарнамаларды ретке келтіру жайында
2011 жылы Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңына өзгерістер енгізіліп, осы Заңның 17-2 бабында көзделген құзыреттерді орындау қала әкімінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы №2983 қаулысымен қалалық сәулет және қала құрылысы бөліміне жүктелді. Жарнамалық нысандарға келісім алуға жататын уәкілетті органдардың бірі ретінде белгіленген «Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі рұқсат беру құжаттарын рәсімдеу кезінде жарнама мәтінінің ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының талаптарына сәйкестігі жайында келісім беріп келеді.
ҚР Тіл туралы Заңының 21-тармағына сәйкес қала орталығындағы жарнамаларды тексеру барысында 2024 жылдың ІІ тоқсаны бойынша 83 нысанға түсіндірме жұмыстары және ескертпе хаттары таратылды. Сондай-ақ, 8 жарнама объектілеріне келісім берілді.
Тарихи-мәдени ескерткіштер бойынша
Бүгінгі күнге қала көлемінде 85 тарихи-мәдени ескерткіштер бар, оның ішінде республикалық маңызды – 4, жергілікті маңызда – 34 ескерткіш, алдын-ала есепке алу тізіміне ұсынылғандар саны – 47
Оның ішінде тарихи ғимараттар саны – 19, ескерткіштер – 36, және 29 бюсттер бар.
Қала көлеміндегі ескерткіштерді сақтау және пайдалану бағытында бірқатар шаралар жүргізіліп келеді, барлық ескерткіштерге қорғау тақталары орнатылып, төлқұжаттары әзірленді.
Бүгінгі таңда Қызылорда қаласы аумағында орналасқан тарихи және мәдени ескерткіштерді теңгерімге алу мақсатында қалалық қаржы бөлімінің 2017 жылғы 2 маусымдағы бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының аясында тиісті пайдаланушы мекемелердің теңгеріміне берілді. Бүгінде тарихи ескерткіштерге қорғау міндеттемелері толтырылды.
Ғимараттар саны – 19, ескерткіштер – 37 және 29 бюсттер бар.
Қала көлеміндегі ескерткіштерді сақтау және пайдалану бағытында бірқатар шаралар жүргізіліп келеді, барлық ескерткіштерге қорғау тақталары орнатылып, төлқұжаттары әзірленді.
Бүгінгі таңда Қызылорда қаласы аумағында орналасқан тарихи және мәдени ескерткіштерді теңгерімге алу мақсатында қалалық қаржы бөлімінің 2017 жылғы 2 маусымдағы бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының аясында тиісті пайдаланушы мекемелердің теңгеріміне берілді. Бүгінде тарихи ескерткіштерге қорғау міндеттемелері толтырылды.
Мәдени көпшілік-шаралар бойынша А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйі 6 қаңтар күні Евразия спорт кешенінде шаһар басшысы Асылбек Шаменов халыққа қызмет көрсету саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырған ардақты азамат, іскер ұйымдастырушы Бердіхан Исматуллаевты еске алуға арналған дәстүрлі облыстық шағын футбол турнирінің ашылу салтанатына қатысты.
Бердіхан Лесханұлының туыстары мен достары, әріптестерінің ұйымдастыруымен биыл 6-ші мәрте жалауын көтерген доп додасына 40 жастан асқан әуесқой ойыншылар қатысуда.
Еңбек ұжымдарын достыққа, бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын ұстануға үндейтін дәстүрлі турнирді ашып берген қала әкімі Асылбек Шаменов атпал азаматтың өнегелі өмір жолын тілге тиек етіп, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Қатысқан адам саны – 250.
2024 жылдың 30 қаңтар күні сағат 11.00 де А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Ұлағат» ата-әжелер ансамблінің қорытынды концерті болып өтті.
Әжелер өнері, әжелер мектебі, олардың өнегесі – бүгінгі қоғамда баға жетпес байлық, бойға тереңнен сіңіретін табылмас тәрбие құралы. Балқия Құрмашова апайымыз осындай ардагер аналарымыздың басын жиып, қалалық мәдениет және спорт бөлімінің қолдауымен 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап «Ұлағат» ансамблі өз жұмысын бастады. Жанды дауыста ән салатын ата- әжелеріміз нағыз «өнер десе ішкен асын жерге қоятын» тамаша өнерпаздар.
Құрамында 10 ақ жаулықты әжелеріміз бен 6 асқар тау аталар өнерпазы бар ансамбльдің әр мүшесі талай байқау-көрмелерге қатысып, ұлттық құндылықтарды насихаттап жүрген он саусағынан өнері тамған шеберлер. Концертте халық және қазақ композиторларының әндері орындалып, көрерменнің көңілін бір серпілтіп тастады.
Талантымен таңдай қақтырған, үнінің сыңғыры бұзылмаған әжелерімізге сәттілік тілейміз!
Қатысқан көрермен саны - 300
«Экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары» атты сала мамандарының қатысуымен кездесу кеші
Қаңтар айының 31-ші жұлдызында «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары» атты сала мамандарының қатысуымен кездесу кеші өтіп, оған Қызылорда қалалық мәдениет үйіне қарасты мәдениет үйлері мен ауылдық клубтар және музей, кітапхана қызметкерлері қатысты.
Кеште М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің үйірме жетекшісі Қ.Алғазиев, белгілі теологтар Б.Оспанов пен А.Деменов, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Е.Исмаилов, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті Терроризмге қарсы орталығы бөлімінің қызметкері М.Телеуовтер шараға өзек болған тақырыптар аясында баяндама жасап, толыққанды мәліметтер ұсынды.
Қатысқан адам саны -150
«Жүректегі жауһарлар» атты жергілікті ақын-сазгерлердің қатысуымен әдеби-сазды кеш
30 қаңтар күні сағат 16:00-де А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде шығармашылық тандемде жұмыс жасап жүрген жергілікті ақын-сазгерлердің қатысуымен әдеби-сазды кеш өтті.
Кеш барысында Әл-Фараби Бекарысұлы, Үкітай Ерниязов, Жарылқасын Оразғұлов, Ұлықбек Бекұзақұлы, Айдар Сайлауов және Мұрәділ Ертөре, талантты әншілер Айгерім Өмірбек, Шынболат Ұзақбайұлы, Досбол Нұрылла, Нұрдәулет Сақтапбергендер ән-жырдан шашу шашып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Кеш соңында қалалық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Жағыпар Тажмаханов дарынды өнер иелеріне тамаша әсер үшін алғысын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі
Қатысқан адам саны -200
Мереке Думан» және «Мереке ВАА»
Жалағаш ауданына гастрольдік іс сапарының концерттік бағдарламасының мәліметі
2024 жылдың 8 ақпаны күні А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған «Мереке-думан» халықтық әзіл-сықақ отауы мен «Мереке» вокалды аспапты ансамблі өнерпаздары Жалағаш ауданына гастрольдік сапармен барды. Көңілді кеште 30 жылдан астам тарихы бар «Мереке» вокалды-аспапты ансамблінің жанды дауыстағы жүректі тербетер әндерді көрермен бірге шырқап, «Мереке-думан» халықтық әзіл-сықақ отауының астарлы әзілдері келген көрерменнің көңілін көтеріп, күлкіге көмді
Көрермен саны - 300
«Адал адам» жобасының «Кино TIME» бағыты бойынша «Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл» толуына орай көрсетілген «Қазақ хандығы» фильмінің мәліметі.
«Адал адам» жобасы аясында 2024 жылдың 9 ақпан күні А.Тоқмағамбетов мәдениет үйінен ашылған «Кино TIME» жобасы ең алғашқы көрсетілімін «Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл» толуына орай І.Есенберлиннің шығармасы желісінде Р.Әбдірашевтің режиссерлығымен түсірілген «Қазақ хандығы» фильмі жасөспірімдерге ұсынылды. Аталған шараға қаламыздың мектептерінен 200 ге жуық оқушылар мен ұстаздар тартылып фильмді тамашалады.Фильмнің негізгі мақсаты Еліміздің болашағы өскелең ұрпаққа қазақша тәрбиелік мәні бар,тарихи тұлғаларымыздың маңыздылығын дәріптеп ,адамгершілік пен мейірімділікке баулу. Ұйымдастырылған жобамыз жоғары деңгейде өтті. Көрермен саны – 200
Қазақстан Республикасы Қазынашылық комитетінің құрылғанына
30 жыл толуына арналған семинар-кеңестің мәліметі
Ағымдағы жылдың 9 ақпан күні сағат 11:00-де А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Қазынашылық комитетінің құрылғанына 30 жыл толуына арналған семинар-кеңес болып өтті. Кеш тізгінін А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің «Мереке-думан» әзл-сықақ отауының көркемдік жетекшісі Б. Балтабаев жүргізді.
Қазынашылық - бюджет жүйесінің бір буыны ретінде мемлекеттік қаржыны басқару жүйесінен лайықты орын ала отырып, бүгінге дейін орасан зор қалыптасу және даму жолынан өткен қазынашылықтың ақпараттық жүйесі - халықаралық сарапшылардың жоғары бағасына ие. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттің қазынашылық жүйесінің қызметкері болу – мәртебелі міндет. Мемлекеттің өмір сүруінің міндетті шарты деп саналатын ақша, қаражат саясатын реттейтін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық жүйесінің құрылғанына 30 жыл толды. Мерейлі мерекемен Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы Дүйсенбаев Әуезбек Сейіткамалұлы құттықтап ашты. Одан кейінгі арнайы құттықтау сөз кезегін облыс әкімінің бірінші орынбасары Жаналинов Данияр Еренғалиұлы тәуелсіз еліміздің дамуы мен өркендеуіне үлес қосып жүрген аймағымыздағы бірқатар сала қызметкерлерін құттықтап, «Облыс әкімінің» құрмет грамотасымен және «Алғыс хатымен» марапаттады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалін Қазынашылық департаметінің басшысы Дүйсенбаев Әуезбек Сейткамалұлы Мунтаева Жамал Султанбековаға табыстады. Кештің соңы кәсіпорын өнерпаздарының мерекелік концертімен аяқталды.
Қатысқан адам саны - 300
«Креативті индустрия: мәдениет пен руханият жетістігі» атты мәдениет қызметкерлері арасында семинардың мәліметі
Ағымдағы жылдың 12 ақпаны күні сағат 16:00-де А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Креативті индустрия: мәдениет пен руханият жетістігі» атты мәдениет қызметкерлері арасында семинар болып өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында:
«Қазіргі заманда азаматтардың шығармашылық әлеуетіне және зияткерлік капиталына арқа сүйейтін «креативті өндіріс» салалары шынайы инклюзивті экономиканы дамытудың қайнар көзі саналады. Бұл аз десеңіз, креативті экономика дарынды әрі шығармашыл адамдарды өзіне тартатын ірі қалалардың дамуына ықпал етуші күшке айналды. Қазақстанда бұл сала әлі дамымаған. Креативті индустрияның ішкі жалпы өнімдегі үлесі бір пайызға да жетпейді, жұмыспен қамту саласындағы үлесі өте төмен. Дегенмен дарынымен бүкіл әлемді мойындатып жүрген отандастарымыз аз емес. Біз елімізде креативті экономиканың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасауымыз керек. Соның ішінде зияткерлік меншікті қорғайтын құқықтық тәсілдер қажет. Бұл – өте маңызды мәселе», - деп, креативті индустрияны экономиканы өркендететін, халықты жұмыспен қамтуға ықпал ететін бағыт ретінде атап көрсеткен еді.
Шараны ұйымдастырудағы мақсат - креативті индустрияның мүмкіндіктерін халыққа жан-жақты түсіндіру, мемлекет басшысының саясатын тапсырмаға сәйкес жүзеге асыру. Семинардың модераторы Қызылорда қалалық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Тажмаханов Жағыпар Айтбайұлы болды.
Кешке арнайы Облыстық мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жанұзақов Қуаныш Қуантқанұлы, «Анаға тағзым» орталығының креативті индустрия жөніндегі бас маманы Хабиева Айдана Маратқызы «ПромКоммерц» компаниясының құрылтайшысы, «ПромКомерц» жеңілөнеркәсіп қазақы орталығының басшысы Керімқұлова Аида Әбдіқайымқызы, Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени – продюсерлік орталығының маманы Мәлік Қонысбек Зұлпыхарұлы, Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Алиева Дина Нұрқалиқызы, Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің библиографы Кенжеева Римма Нарекешқызы спиткер ретінде шақырылып, тақырыпты кеңінен түсіндірді.
Келген көрермендер толғандырған сұрақтарын жолдап, арнайы мамандардан тиісті жауаптар алды.
Креативті индустрия азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, өмір сүру сапасы мен өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға көп үлесін тигізіп, экономикаға тың серпін беретіні анық. Ол үшін тек білім мен талант қажет. Мемлекеттің де өз кезегінде бұл салаға айрықша қолдау көрсетуге мүдделі болып отырғаны қуантады - деген модератордың пікірімен шара қорытыланды.
Қатысқан адам саны -180
Қызылорда қаласы мен қалаға қарасты ауылдық мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындары бойынша 2023 жылды қорытындылауға арналған алқаның мәліметі
Ағымдағы жылдың 16 ақпан күні сағат 10:00-де А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде қалалық мәдениет және спорт бөлімінің 2023 жылды қорытындылауға арналған алқа мәжілісі өтті.
Өткен жылдың жетістіктері мен кемшін тұстары сараланған мәжіліске облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Ж.Нұржақыпова, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығы директорының орынбасары Р. Ділімбетова, сондай-ақ, бірқатар сала ардагерлері арнайы қатысты.
Алқа мәжілісінде бөлімге қарасты мекеме басшылары өткен жылдың бедерінде атқарылған жұмыстары мен шешілуді қажет ететін мәселелерін ортаға салып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Келелі жиынды қорытындылаған бөлім басшысы Ж.Тажмаханов бірқатар өзекті мәселелерді тілге тиек етіп, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Қатысқан адам саны -250
«Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық концертінің мәліметі.
2024 жылдың 23 ақпан сағат 11:00 де Қызылорда қаласы Талсуат ауылы Оңалту орталығында «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық концерті өтті. Қалалық мәдениет және спорт бөлімінің өнерпаздары өнер көрсетіп балаларға керемет көңіл силап қайтты. Тәрбиешілері өзінің жүрек жарды тілектерін айтып, алғысын білдірді.
Қатысқан көрермен саны: 100 бала
Отбасы Бақыт мекені және «Қыз он үшке келгенде...» тәрбиелік шара аясындағы сырласу кешінің мәліметі
2024 жылғы ақпан айының 27 жұлдызы сағат 11:00-де А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Адал адам» мәдени тәрбие орталығы жобасының «Жанұя шуағы» бағыты бойынша және дәстүрлі «Қыз он үшке келгенде» тәрбиелік шарасының аясында «Отбасы – бақыт мекені» атты ақын, отбасылық психолог, коуч-тренер Асылзат Арыстанбек пен Мәдениет майталманы, әнші, композитор Болатбекова Жанар апайларымызбен керемет кездесу кешінде оқушылар белсенді сұрақ-жауап алмасты. Оқушылар және оқытушылар да көкейде мазалап жүрген сұрақтарына жауап алып, өз пікірлерін және де ата-ананың қарым қатынасына деген ойларын айта білді. Ата-аналардың 70 пайызы бұрыңғы өз заманындағы тәрбие тәлімді неге? тілге тиек етеді, ол заман мен біздің заманымыздың арасы жер мен көк емеспе деген оқушыларда болды. Қортынды келесі осындай кездесу кештерінде қыздарымыз бен ата-ананың қатысуы маңызды екен түйінделді. Ата-аналарыда өскелең ұрпақтарының өз ойын және мазалап жүрген сұрақтарының бір қатар жауаптарын алу мақсатында.
Қатысқан көрермен саны-300 адам
15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу митингісінің мәліметі
Бүгін "Тағзым" алаңында батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған, Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу шарасы өтті.
Шара барысында қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев сөз алып, азаматтық борышын өтеу жолында қапыда қаза болған жауынгерлердің жарқын бейнесі ұрпақ жадында жаңғырып, ерліктің үлгісі болып қала беретінін атап өтті.
Шара барысында батырлар рухына бас иіп, 1 минут үнсіздікпен еске алынды. Гүл шоқтары қойылып, құран бағышталды.
Қатысқан адам саны- 150
«Адал адам» мәдени-тәрбиелік орталығы жобасының
«Арт уақыт» бағыты бойынша «Aqmaral» би студиясы, «Арайлы» би тобы және қалалық өнер мектебінің «Балбұлақ» халықтық /үлгілі/ балалар би ансамблінің шығармашылық концертінің мәліметі
2024 жылдың 24 ақпанында «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығының тұжырымдамасының «Арт уақыт» бағыты аясында А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде М. Қалауов атындағы қалалық өнер мектебінің хореография бөлімінің «Балбұлақ» халықтық үлгілі балалар би ансамблінің және «Ақмарал» би студиясының, «Арайлы» би тобының бірлескен «Бұл біздің әлем» атты шығармашылық концерті өтті. Кеште халықтық, ұлттық стильдендірілген, замануи билерден түрлі би қойылымдары қойылды. Кеш барысында мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Тажмаханов Жағыпар Айтбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Дархан Есалұлы Тұрсынбаевтың алғыс хатымен ұстаздарды марапаттады.
Би өнері ұлттың тыныс тіршілігін, өмір салтын қимыл-қозғалыс арқылы көрсетіп, рухани жетілдіріп, мәдениетке тәрбиелейді. Ал мәдениетке бір адамды жетелудің өзі ұлы іс. Осы жолда тынбай еңбек етіп келе жатқан ұстаздарымыздың жұмысын көрсету мақсатында және шәкірттерді ынталандырып, сахна тіліне баулып, одан бөлек салауатты өмір салтын ұстанып, талғамға, эстетикалық жүріс тұрыс, өзі-өзі ұстауға бейімдейді. Үш үлгілі ұжымның бірлескен шығармашылық концерті өте жоғары дәрежеде өтті. Ата-аналардың тоқтаусыз ұрған қошеметі өнерпаздарды одан әрі шабыттандырды.
Көрермен саны- 380
«Невада-Семей» антиядролық қозғалысына 35 жыл толуына арналған еске алу митингісінің мәліметі
28 ақпаны еліміздің тарихында ерекше күн болып табылады. Осы күні КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа үміткер, атақты ақын Олжас Сүлейменовтың бастамасымен жалпыхалықтық антиядролық «Невада - Семей» қозғалысы құрылды. Аталмыш оқиғаның маңыздылығына орай Тағзым алаңында еске алу минитгісі болып өтті. Шара басында Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы Құттықожаев Ибадулла Дүйсенбайұлына беріледі. Сөз легін облыстық «Қызылорда Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбіш Сәбит Ыдырысұлына беріліп, шара қатысушыларға шара маңыздылығын айта өтті. Семей полигоны салдарынан құрбан болған әскерилердің рухына Сыр жұртшылығы атынан гүл шоқтарын қойып, «Нұр» мешітінің наиб имамы Измағамбетов Наурыз Қазбекұлы бақилық болған бауырларымызға құран бағыштады.
Қатысқан көрермен саны – 150
«Адал адам» мәдени-тәрбие орталығының «Кино-Тайм» бағыты бойынша көрсетілген «Менің атым Қожа» фильмінің мәліметі
2024 жылғы наурыз айының 1 күні А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы жобасы аясында оқушылар мен жасөспірімдерге тәрбиелік мәні бар фильмдер ұсыну мақсатында «Кино Time» бағыты кезекті фильмін көрсетті..
Кезекті көрсетілімде оқушыларға қазақы тәрбиені насихаттау мақсатында А. Қарсақбаевтың режиссерлығымен түсірілген «Менің атым Қожа» атты фильм ұсынылды. Қазақфильмінің шедвріне айналаған фильмі қанша көрсеңде әлі күнге тапжылмай көретін фильмдер қатарында. Оқушылар назарын тайдырмастан тамашалған фильм қазақылықтың айнымас дәлелі.
Көрермен саны – 150
«Мереке Думан» және «Мереке ВАА»
Қызылөзек ауылына гастрольдік іс сапарының концерттік бағдарламасының мәліметі
2024 жылдың 7 наурызы күні сағат 11.00-де А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған «Мереке-думан» халықтық әзіл-сықақ отауы мен «Мереке» вокалды аспапты ансамблі өнерпаздары Қызылөзек ауылына гастрольдік сапармен барды. Көңілді кеште 30 жылдан астам тарихы бар «Мереке» вокалды-аспапты ансамблінің жанды дауыстағы жүректі тербетер әндерді көрермен бірге шырқап, «Мереке-думан» халықтық әзіл-сықақ отауының астарлы әзілдері келген көрерменнің көңілін көтеріп, күлкіге көмді.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған
«Ару көктем, ана жыр, әйел ғұмыр» атты мерекелік салтанатты шараның мәліметі
Ағымдағы жылдың 6 наурыз күні сағат 16:00 -де А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ару көктем, ана жыр, әйел ғұмыр» атты мерекелік салтанатты шара болып өтті.
Салтанатты кешті Қызылорда қаласының әкімі Қожаниязов Серік Салауатұлы құттықтап, әр халықтың болашағының бастауы - әйел. Сыр-Ана салтанатына ие болған мекен Меккеміз, Сыр еліндегі ана мен балаға жасалған қамқорлық - ана бақытына деген адалдық ұлағаттың үлгісіндей бүгінгі күннің мақсат мәнері екенін атап өтті. Өмірдегі ең құдіретті міндет бала өсіріп, тәрбиелеген, бар саналы ғұмырын жанұя, отбасы, бала тәрбиесіне арнаған батыр аналарымызды, «Алтын алқа» иегерлерін марапаттады. Сыр елінің өнерпаздары, үйірме мүшелері және сырдың талантты ақындары меркелік көңіл-күй сыйлады. Кеш соңы Е. Хасанғалиевтің «Анаға сәлем», Ш. Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» және М. Омаровтың «Анашым» әндерімен аяқталды.
Қатысқан адам саны -260
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әйел-ана – тіршіліктің гүлі, өмірдің нұры» атты мерекелік салтанатты шараның мәліметі
Ағымдағы жылдың 7 наурыз күні сағат 16:00 -де А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментінің 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ару көктем, ана жыр, әйел ғұмыр» атты мерекелік салтанатты шарасы болып өтті.
Салтанатты кеште төтенше жағдайлар департамент басшысы Қайрақбаев Руслан Сламбекұлы барша нәзік жандыларды мерекемен құттықтап, әр халықтың болашағының бастауы - әйел. Сыр-Ана салтанатына ие болған мекен Меккеміз, Сыр еліндегі ана мен балаға жасалған қамқорлық - ана бақытына деген адалдық ұлағаттың үлгісіндей бүгінгі күннің мақсат мәнері екенін атап өтті.
Мерейлі мерекеге орай салада абыройлы, жемісті еңбек етіп келе жатқан аяулы жандарды «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің грамотасымен», «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Алғыс хатымен», «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Алғысы, Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. «Сыр сандуғаштары» вокалды тобының «Рахмет саған, ана!» атты әнімен меркелік концертке жалғасты.
Қатысқан адам саны -260
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары Шекара қызметі директорының кубогы үшін қазақ қүресінен Республикалық турнирінің ашылу салтанатының мәліметі
2024 жылдың 10 наурызы күні сағат 12.00-де «Евразия» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары Шекара қызметі директорының кубогы үшін халқымыздың рухын асқақтатып, жігер намысын қайрайтын ұлттық спорт қазақ күресі - ар-намыс пен қара күшті бір бойына тоғыстырған нағыз ерлерді сынар спорт түрі қазақ қүресінен республикалық турнир болып өтті. Турнирге республикамыздың барлық облыстарынан 17 команда қатысып бақ сынасты.
Командалық есеп бойынша жүлделі І орынға ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаменті, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаменті ІІ орын, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ІІІ орынға ие болды.
Қатысқан адам саны-500
«Келінге кеңес» атты жас келіндерге отбасы құндылықтарын дәріптеу лекция шарасының мәліметі
Ағымдағы жылдың 13 наурызы күні сағат 16:00-де «Келінге кеңес» атты жас келіндерге отбасы құндылықтарын дәріптеу лекция шарасы болып өтті.
Келін болу – тек өз ұрпағының ғана емес, тұтас ұлт ұрпағының жауапкершілігін мойынға жүктеу. Бүгінгі келін – ертеңгі ана, болашақ ұрпақтың тәрбиешісі. Әрбір бойжеткен тұрмыс құрып, келін атанып, ана болғысы келеді. Жас келін жаңа отбасына сіңісіп, жақсы келін атану жолында қаншама қиыншылықтар мен кедергілерге кездеседі. Осы тұрғыда қыздарымызға септігі тиер деген оймен ұйымдастырылған шараның басты қонақтары - отбасы діңгегін берік ұстап, отын өшірмей, бір оттың жылуы болып жүрген аяулы әжелер, және жас келіндер болды. Шара барысында енелер жас келіндерге отбасы құндылықтарын сақтау үшін ақыл-кеңестерін беріп, келіндер енелерге білмегендерін сұрап, сұқбаттасты.
Отбасының қоғамда атқаратын өзіндік функциясы, жас келіндер сіңісіп үйреніп кетемін дегенше ененің рөлі қандай болу керек? Қоғамда ене мен келін арақатынасы, қоғамда отбасы мүшелерінің орны қандай т.б тақырыптар кеңінен талқыланды.
Қатысқан адам саны -260
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі мен 14 наурыз көрісу күніне арналған «Амал келді, жыл келді» атты мәдени-көпшілік шараның мәліметі
14 наурыз қалада Көрісу күнінде «Амал» мерекесі кең көлемде тойланды. Соның бірі А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің жанындағы «Достық» аллеясында өтті.
Аллея аумағы Наурыз нақыштарымен безендіріліп, мерекеге сай ажарлана түсті. Киіз үй тігіліп, келушілерге ұлттық дәм ұсынылды. Жігерлі жігіттер арасында ұлттық ойындардан сайыс ұйымдастырылды. Кимешек киген кейуаналар мен ұлттық киімі жарасқан жастар сызылта ән салса, жиналған жұрт ұйымшылдықпен тал отырғызды.
Көпшілікпен бірге қала әкімі Серік Қожаниязов шараға қатысып, Амал мерекесімен құттықтады.
Бұл шараға қалалық мәслихаттың төрағасы Ибадулла Құттықожаев, Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институты басқармасының төрағасы Сұлтанбек Тәуіпбаев және қала ардагерлері арнайы қатысты.
Өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен қатар бүлдіршіндердің тұсаукесер рәсімі жасалып, қала әкімінің атынан қос бөбекке тарту-таралғы ұсынылды. Қоғам қайраткері Болатбек Пұсырман елдіктің асыл мұраттарын асқақтату, елжанды қасиетті құрметтеу туралы тағылымды ой айтып, батасын берді.
Қатысқан көрермен саны - 300
«Наурызнама» тұжырымдамасының "Ұлттық кино" аясында көрсетілген «Томирис» фильмінің мәліметі
Президент аппаратымен бекітілген наурызнама он күндігі аясында "Ұлттық кино" апталығына орай А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде 16 наурыз күні сағат 16.00-де А. Сатаевтың "Томирис" фильмі көрсетілді. Көрермен саны -150 адам.
22 наурыз мерекесін атап өтуге арналған «Армысың Әз-Наурыз» атты мерекелік шараның мәліметі
Биыл Наурызнаманың он күндігімен салт-санамызды, дәстүрімізді жаңғыртуға бағытталған шаралар қала аумағында, кент және ауылдық округтерде кеңінен аталып өтілуде.
Бүгінгі 21 наурыз «Ынтымақ» күнінде тұрғындар Тараз көшесінің бойында «Армысың, әз-Наурыз!» атты мәдени-көпшілік шарасын тамашалауға жиналды.
Бірлігі мен берекесін білдірген мейрам халық күткендей сән-салтанатқа ие болды. Ән мен жыры көмкерген шараға қала әкімі Серік Қожаниязов қатысып, тұрғындарды маңызды мерекемен құттықтады. «Ежелден келе жатқан әз-Наурыз ұлық мерекеміз биылғы жылы ерекше аталып өтілуде. Мемлекет басшысының бастамасымен жоспарланған «Наурызнама» қайта жаңғырып, ұлы даламызда ұлттық дәстүріміз салтанат құруда. 14 наурызда – «Көрісу» күні – «Амал» мерекесімен басталған бұл шараның әрбір күні арнайы атаумен аталып, бүгін мерекенің шырайын шығарып, шаттыққа кенелткен «Ынтымақ» күні ретінде аталып өтілуде.
Қазақтың әдет-ғұрпына әлемнің көптеген ұлттары мен ұлыстары қызыға қарайды. Ұлттық салт-дәстүрді сыйлау, болашақ ұрпаққа аман-есен жеткізу – біздің қасиетті парызымыз» деп, Серік Салауатұлы жұртшылыққа жылы лебізін жеткізді. Наурыз тойының сәнін келтіріп, қазақы үй тігіп, мерекенің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан бірқатар мекемелер қала әкімінің марапатын алды.
Мерекелік шарада Наурыз нақыштары, ұлттық салт-дәстүріміз жан-жақты насихатталып, Сыр сүлейлерінің нұсқалы сөз, нақыл термелері орындалды. Қала тұрғындарына тамаша көңіл-күй сыйлаған дәстүрлі әнші Айгүл Қосанова, Әл-Фараби Бекарысұлы, Үміт Медеуова, “Алатау серілері” этно-фольклорлық ансамблі, эстрада жұлдыздары Жанболат пен Жазираның өнеріне ел сүйсіне қол соқты.
Қатысқан көрермен саны – 7000
«Наурызнама» тұжырымдамасының «Тазару күні» аясында өткізілген Тал егу акциясының мәліметі
24 наурыз Наурызнама онкүндігінің аясындағы тазалық күнінде мыңнан аса көшет отырғызылды. Елімізде енгізілген Наурызнама онкүндігінің қорытынды күні - Тазару күні аясында қаламызда тал егу акциялары ұйымдастырылды.Жаңару мен тазарудың жаршысына айналған аталмыш дәстүр қаладағы саябақтарда өтті. Денсаулық және демалыс саябағында өткен шараға қала әкімі, ардагерлер, түрлі мекемелердің ұжымдары және ерікті жастар белсенді қатысып, 1000-нан аса көшет отырғызды.
Қатысқан адам саны – 500
Балалар шығармашылығына арналған XXVІ «Бозторғай» облыстық байқауының қалалық іріктеу кезеңінің мәліметі
3 сәуір күні А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде Балалар шығармашылығына арналған XXVІ «Бозторғай» облыстық байқауының қалалық іріктеу кезеңі болып өтті. дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан байқауға қаладағы 200 ге жуық талантты өнерпаздар қатысты. Қалалық іріктеу кезеңінде өнер көрсетіп, таңдалған өнерпаздардар 26-27 сәуір күні болатын облыстық байқауда бақ сынайтын болады.
Қатысқан адам саны – 300
Тәжікстан - Ауғанстан шекарасындағы әскери қақтығыста қаза тапқан жауынгерлерді еске алу митингісінің мәліметі
Бүгін "Тағзым" алаңында Тәжік-Ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді құрметпен еске алу шарасы өтті.
Шарада қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев ардагерлерге ізгі лебізін білдіріп, амандық, дендеріне саулық тіледі.
Тағылымды шарада Тәжік-Ауған шекарасында қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтары қойылды. Ерлікпен қаза тапқан жерлестеріміздің рухына құран бағышталды. Шара соңында ардагерлер тал егіп, игі іске жұмыла кірісті.
Айта кету керек, жыл сайын елімізде 7 сәуір Тәжік-Ауған жеріндегі бітімгершілік операциясында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу күні ретінде аталып өтіледі. 8 жылға созылған әскери қақтығысқа сегіз жарым мың қазақстандық қатысса, оның 46-сы ажал құшты. Майдан даласында 100-ге жуық сарбаз жараланып, бірқатары мүгедек болып елге оралды. Сыр өңірінен 400-ге жуық жерлесіміз аттанып, Отан алдындағы борышын адал атқарды. Отанға қажет кезде жауынгерлік саптан табылған батырларымыздың өмірі бүгінгі өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге.
Қатысқан адам саны-200
«Адал адам» мәдени-тәрбие орталығының тұжырымдамасын іске асыруға арналған «Арт уақыт» жобасы аясында Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Толқын тербеткен тау тұлға!» атты дәстүрлі «Көктем нұры» республикалық оқушылар айтысының мәліметі
Жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 100 жыл толуына арналған “Толқын тербеткен тау тұлға” атты республикалық “Көктем нұры” оқушылар айтысы өз мәресіне жетті. Жыр додасына қатысқан 5 жұп сөзден өрнек салып, көрермен қошеметіне бөленді.
Жыр додасының қорытындысымен бас жүлдені жеңіп алған Ақмола облысының жас ақыны Серікболатұлы Сәттібекті қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жағыпар Тажмаханов марапаттап, айтысты тапжылмай тамашалаған көрермен мен жас ақындарды баулыған жетекшілеріне шынайы ризашылығын білдірді.
Сондай-ақ, І орын Қызылорда қаласының үкілеп қосқан үміті А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған «Қауырсын» жас ақындар үйірмесінің мүшесі Жаппасбай Салтанатқа бұйырса, ІІ орынды Алатау бөктерінен келген айтыскер Сауытқан Айбарыс еншіледі. Жыр бәйгесінің 3-орынын солтүстік Қазақстан облысының жас өрені Жарқынұлы Сұлтан және Қызылорда қаласының сенімін ақтап жүрген «Қауырсын» жас ақындар үйірмесінің мүшесі Ұлықбек Бектай өзара бөлісті.
Мұнан бөлек, «Сүре айтыстың Сұржекейі – Серік Өтеуов» арнайы жүлдесін батыс Қазақстан облысы Орал қаласынан келген Баян Бекзат, «Қайым айтыстың хас шебері – Бекұзақ Тәңірбергенов» атындағы жүлдені Жаңақорған ауданынан келген Абдуллаев Мұхамедәлі, «Түре айтыстың тарланы – Махамбетқали Тұрсанов» жүлдесін Астана қаласынан келген айтыскер ақын Берік Әсет, «Тап берме сөздің тапқыры – Серік Ыдырысов» жүлдесін Өскемен қаласынан келген Данияр Оралғазы және «Аламан айтыстың ақтаңгері – Кенжебай Жүсіпов» атындағы жүлдені Сырдариялық жас дарын Мансұров Нұрахмет иеленді. Арнайы номинация жеңімпаздарына 100 мың теңгеден қаржылай сыйлық табысталды.
Екі ғасырдан астам тарихы бар Тұранның төрінде қасиетті Тәуелсіздік тағылымын жастардың санасына сіңіру, азат еліміздің жарқын жетістіктерін кеңінен дәріптеу, халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өлмес мұрасын, өшпес даңқын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған дәстүрлі «Көктем нұры» республикалық оқушылар айтысы көптің көңілінен шықты.
Қатысқан адам саны-250
15 сәуір «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» ғашықтар күніне арналған мерекелік концерттің мәліметі
15 сәуір күні арбат бойында аталмыш мерекеге орай жастар концерті өтті. Концерт басында А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінің директоры Молжігітов Алмасбек Жақсылықұлы жастарға жылы лебізін білдіріп кешті ашып берді. Концертте қаламыздың жас өнерпаздары ән айтып би билеп, өнерлерін паш етті. Өнерпаздар ішінде А. Тоқмағамбетов мәдениет үйі жанына құрылған «Belcanto» вокал үйірмесі мен «Orda drive» замануи би үйірмесінің қатысушылары сахнаға шығып дебют жасады. Қала тұрғандарына көңілді мереке сыйлап, жас талантарды сахнаға баулу мақсатында өткен мерекелік концерт жоғары деңгейде өтті.
Қатысқан адам саны – 1000
Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде мүгедектігі бар әйелдер арасында «Нәзік жанның әлемі» атты шығармашылық байқауының мәліметі
24 сәуір күні А. Тоқмағамбетов мәдениет үйінде Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы» ҚБ және А. Тоқмағамбетов мәдениет үйінің ұйымдастырумен «Нәзік жанның әлемі» атты байқау өтті. Байқауға 18 жастан асқан, 20-дан астам мүгедектігі бар жандар қатысты.Байқау төрт кезеңнен болды.Фестивальді ашуға Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғ.Ж.Жаңабаевқа сөз берілді. Мүгедектігі бар жандардың бәрін жинауға мүмкіндік беретін мұндай шаралар өте қажет екенін айтты. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:1-орынды Жусупова Раушан, 2-орынды Тулегенова Лаура, 3-орынды Боздақбаева Қымбат, 3-орынды Есмагамбетова Турсинкуль, сондай-ақ, «Шығармашылық және өзіндік ерекшелігі үшін» номинациясы 4 жанға берілді. Олар:1. Бекетова Кадиркуль, 2. Калменова Шугыла, 3. Қонырбаева Бахытнур, 4. Акмагамбетова Тамара
Қатысқан адам саны – 300
«Сиқырлы айна» халықтық қуыршақ театрының «Құпия кілт» атты жаңа қойылымының мәліметі
22 сәуір күні А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Сиқырлы айна» халықтық қуыршақ театрының «Құпия кілт» атты жаңа қойылымының премьерасы өтті. «Адал адам» мәдени-тәрбиелік жобасының «Арт уақыт» бағыты аясында өткізілген жаңа қойылым көрермен көңілінен шықты.
Ертегі авторы Іздіқұлова Азиза, ертегіде достықты, армандарға сенуді, бірлік пен сенімділікті түсіндіреді. Қазіргі заманға лайықталып жазылған ертегі кішкентай көрермендерді шынайы сендіріп, қойылым соңында ертегі кейіпкерлерін құшақтап, өздерінің де кейіпкерлер секілді достары бар екенін айтып мәз болды.
Қатысқан адам саны - 150
Қалалық мәдени және демалыс паркінің маусымдық ашылуының мәліметі
1 - мамыр қалалық мәдени және демалыс паркі жаңа маусымының ашылуына арналған бағдарлама болып өтті. Көңілді кеште қала өнерпаздары жүректі тербетер әндер шырқап, бағдарлама аясында көшпелі жазғы кітапхана көрмесі, «Кітап сыйла» акциясы, оқушылар арасында «Достық мерекесі» тақырыбында сурет салудан шығармашылық сайыс, бард әндері және спорттық ойындар /тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы және т.б / ұйымдастырылды.
Қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев шаһар тұрғындары мен қонақтарына арналған әсем де жайлы демалыс орнына арнайы барып, қызылордалықтарды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен және жазғы демалыс маусымының басталуымен құттықтады.
«Жайнаған жаз мезгілін көңілді өткізіп, бірлік пен берекені, ырыс пен ынтымақты ту етіп жүре берейік. Бүгінгі қос бірдей мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге шат-шадыман көңіл-күй, отбасы ордаларыңызға бақыт тілеймін!» - деді қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев.
Өзінің қалыптасу кезеңінде қызылордалықтардың ерекше жақсы көретін орнына айналып үлгерген Демалыс паркіндегі барлық аттракциондар түбегейлі тексерістен өткізілген.
Қала халқының жаз маусымында уақытын тиімді өткізуін қамтамасыз ету мақсатында биыл да түрлі мәдени шаралар, көңілді кештер өткізіліп, келушілерге жайлы орта қалыптастырылатын болады.
Қатысқан адам саны-1000
9 мамыр – Жеңістің 79 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты митинг және гүл қою рәсімінің мәліметі
2024 жылғы 9 мамыр, сағат: 10.00 –де Тағзым алаңында 9 мамыр – Жеңістің 79 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты митинг және гүл қою рәсімі өткізілді. Шараны Қ. Жәлімбетовтің жүргізді.
Елдің басына алапат қайғы мен қасірет төнген зұлмат кезеңде оттан да ыстық Отан үшін от кешкен майдангерлердің өрлігі мен ерлігін, қаһармандық өнегесін жас ұрпақ бойында қалыптастыру бүгінгі біздердің қасиетті борышымыз.
Ұлы Жеңістің 79 жылдығына орай Сыр жұртшылығы атынан облыс әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлының майдангер бабалар рухына арналған тағзым гүлі, сарбаздар «Мәңгілік алауға» гүл дестелерін (гирлянда), Сыр жұртшылығының атынан ескерткішке тағзым гүлдері қойылды/
Ұлы Отан соғысында құрбан болған боздақтарды 1 минут үнсіздікпен еске алып, одан соң ҚР Мемлекеттік Гимні орындалды.
Ұлы Жеңістің 79 жылдығымен облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев құттықтап, «Ешкім де, ешқашанда ұмытылмайтынын,
Азаматтық арды ту етіп, ерліктің ерен үлгісін көрсеткен боздақтарымыздың, бүгінде арамызда жүрген майдангер қарттар мен тыл еңбеккерлерінің жеңімпаз рухын бағалау біздің перзенттік парызымыз екенін атап өтті. Одан соғ арнайы келген қонақтар мен ардагерлер гүл шоқтарын қойып, майданнан оралмаған, белгісіз солдаттарға тағзым етті.
Қатысқан адам саны - 3500
«Отан Ана – ән ғұмыр» атты әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шөкеновті еске алу шарасының мәліметі
Ағымдағы жылдың 18 мамыры күні сағат 11.00-де Б.Шөкенов атындағы саябақта талантты жерлесіміз, өнер әлеміне өшпес мұра қалдырған музыкант Батырхан Шөкеновты еске алу іс-шарасы өтті. Кеш тізгінін А. Тоқмағамбетоа атындағы мәдениет үінің қызметкері Б. Балтабаев жүргізді. Шараға арнайы шақыртылған Б. Шөкеновтің анасы Райымбердиева Диляра Ибрагимқызы: жүзі жарқын, жаны жайдары, жүрегі таза Батырхан нағыз өнер үшін жаралған жан еді. Бүгін ортамызда болғанда 61 жасқа толар еді. Бұл күні виртуоз музыкант, талантты әнші-композитор жайлы өткен шақта сөйлеу біз үшін қиын. Ол біздің ұлтымызды, қазағымызды, кәзіргі ұлттық эстрада жанрын тек қана ТМД мен Мәскеуде ғана емес, шет елдерде де танытты- деп көзіне жас алып, естеліктермен бөлісті. Одан соң Б. Шөкенов ескерткішінің алдына Қазақстанның еңбегі сіңірген қайраткері Батырхан Камалұлы Шөкенов рухына арналған тағзым гүлі қойылады. Кәсіпорын әншісі Елжан Берістенбаев Б. Шөкеновтің «Сағым дүние» әнін шырқап, қонақтарға көңіл-күй сыйлады.
Кеш соңында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шөкеновке арналған өздері тұрған көпқабатты үй қабырғасынан ескерткіш тақта ашылу рәсімімен аяқталды.
Қатысқан адам саны – 450
21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Мәдениет - мәңгілік мәнері атты мерекелік шара
Ағымдағы жылдың 21 мамыры күні А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде мәдениет және өнер қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында "Мәдениет - мәңгілік мәнері" атты мерекелік салтанатты шара өтті.
Қалалық Жастар театры әртістері сахналаған театрландырылған қойылыммен шымылдығы түрілген шараға арнайы қатысқан қала әкімінің орынбасары Тұрсынбаев Дархан Есалыұлы мәдениет қызметкерлерін мерекемен құттықтап, саналы ғұмырын осы салаға арнаған майталмандардың қоғамдағы орыны туралы айшықты сөздерін арнап бірқатар сала қызметкерлеріне облыс әкімінің, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының, қала әкімінің, салалық кәсіподақ ұйымының арнайы алғыс хаттарын табыстады.
Салтанатты шара ары қарай қала өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.
Қатысқан адам саны -250
Әріптесіміз марқұм Нұргелді Амангелдіұлын еске алуға арналған
"Жарқ еткен жас ғұмыр" атты мәдениет қызметкерлері арасында шағын футбол турнирдің мәліметі
26 мамыр күні Евразия спорт кешенінде қала мәдениетінің өрістеуі жолында өлшеусіз еңбек еткен майталман маман, марқұм Айтжанов Нұркелді Амангелдіұлын еске алуға арналған "Жарқ еткен жас ғұмыр" атты мәдениет қызметкерлері арасында шағын футбол турнирі өтті.
Қалалық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі мен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бірлесе ұйымдастыруымен өткен доп додасына 8 команда қатысты. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жағыпар Тажмаханов турнирді ашып берсе, Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық академиялық драма театрының директоры Мұхтар Ниязов қатысушыларға сәттілік тіледі.
Тартысты өткен ойын нәтижесінде Қызылорда Облыстық Филармониясы командасы турнир жеңімпазы атанса, жүлделі 2 орынды Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық академиялық драма театры жеңіп алды. Нұргелді Айтжановтың ағалары мен достарынан құралған "Ағалар" командасы 3 орынды қанағат тұтты.
Жеңімпаздар мен жекелеген ойыншыларға шеберліктері бойынша тиісті жүлделер, естелік кубоктар мен медальдар және қаржылай сыйлықтар табысталды.
Турнир соңында Нұргелді Айтжановтың анасына ұйымдастырушылар тарапынан құрмет көрсетілді. Қатысқан адам саны -600.
31 мамыр – Саяси-қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарих. Тағдыр. Тағзым» атты еске алу шарасы
31 мамыр күні Саяси-қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарих. Тағдыр. Тағзым» атты еске алу шарасы өтті.
Қызылорда қаласында бір топ зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, азаматтық қоғам белсенділері, Ассамблея мен этномәдени бірлестік өкілдері және жастар саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, еске алу шарасына қатысты.
Жиналған қауым ұлт мүддесі үшін күрескен тұлғаларымыз бен ашаршылық құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.
Шараға қатысушылар боздақтар рухына бас иіп, Сыр жұртшылығы атынан «Тағзым гүлін» қойып, боздақтар рухына құран бағышталды.
Аға буын өкілдері жастарға мемлекетіміздің туын биік ұстап, бейбіт күніміздің қадірін бағалау және өткен күннен сабақ алу қажеттілігі туралы өсиеттерін айтып тарқасты. Қатысқан адам саны -250
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне арналған
«Таңбасы тарих, байрағы биік - Жаңа Қазақстан!» атты мерекелік мәдени іс-шараның мәліметі
Ағымдағы жылдың 4 маусым күні сағат 16:00-де А. Тоқмағамбетов үйінде 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Таңбасы тарих, байрағы биік - Жаңа Қазақстан!» атты мерекелік мәдени іс-шара болып өтті. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Тажмаханов Жағыпар Айтбайұлы мерекемен құттықтап, бірқатар сала мамандарын марапаттады. Меркелік кеште кәсіпорын өнерпаздары әннен шашу шашып, көрерменге көңіл-күй сыйлады. Мерекелік кештің соңы Е. Берістенбаевтың орындауындағы «Елім менің» әнімен аяқталды.
Қатысқан адам саны -250
«Адал адам» мәдени-тәрбие орталығының Арт уақыт бағыты аясында . А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Aqmaral» би студиясының және «Арайлы» би тобының есепті концертінің мәліметі
2024 жылдың маусым айының 14 – жұлдызында А. Тоқмағамбетов мәдениет үйі жанынан құрылған «Арайлы» би тобы мен «Ақмарал» би студиясының маусымдық есеп беру концерті өтті. Концерттік бағдарламада әр жанрдағы би қойылымдары көрсетілді. Құттықтау сөз мәдениет және тілдерді дамутыу бөлімінің басшысы тажмаханов Жағыпар Айтбайұлына беріліп, үйірме жұмысьтарының қарқында жүріп жатқандығына айтып, бір қатар белсенді ата-аналар мен «Арайлы» би тобының биші қыздарын қала әкімінің алғысь хатымен марапаттады.
Қатысқан адам саны – 2000
«Адал адам» мәдени-тәрбие орталығының «Жанұя шуағы» бағыты бойынша «Мен және отбасым» атты отбасылық эстафеталық жарыстың мәліметі
Ағымдағы жылдың 20 маусым күні қалалық мәдени және демалыс паркінде “Адал адам” мәдени тәрбие орталығының “Жанұя шуағы” бағыты бойынша “Мен және отбасым” атты отбасылық эстафеталық жарыс өтті. Жарысқа 5 отбасы қатысып, бақ сынасты. Жарыс нәтижесінде 1-орынды Сайлауовтар отбасы, 2-орынды Ахметалиевтер отбасы, 3-орынды Қалыбековтер отбасы иеленіп, арнайы диплом, медаль, сыйлықтармен марапатталды. Жарысқа қатысушы отбасы балаларына тегін парк атракциондарына сертификат табысталды.
Қатысқан адам саны -450
26 маусым - Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай өткізілетін кешенді акцияның мәліметі
2024 жылдың 23 маусымында 26 маусым - Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай қалалық мәдени және демалыс паркінде аталған күнтізбеге орай іс-шара өткізілді. Шара басында Қызылорда облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқарма бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Дөненов Ардақ Әбішұлы сөз сөйлеп есірткі қылмысына қатысты толыққанды ақпарат беріп, бірқатар қызметкерлерді, нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған тілшілер байқауында топ жарған бірқатар БАҚ өкілдері мен өзгеде байқау жеңімпаздарын марапаттады.
Аталған шара қаламыздың өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасып, кешке арнайы шақырылған эстраданың жас жұлдызы Байтанат әндерімен кеш көркін қыздыра түсті.
Қатысқан адам саны - 1500
«Орда» спорттық би үйірмесінің «Летние краски» атты есепті концерттік бағдарламасының мәліметі
2024 жылдың 28 маусым күні қалалық мәдени және демалыс паркінде А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған «Орда» спорттық би үйірмесінің маусымдық есепті концерті болып өтті.
«Орда» спорттық би үйірмесінің негізі бағыты спорттық вальстік би жанры болып табылады. Сәуір айында Анатолий Александрович Қызылорда қаласында алғаш рет Қазақстан Республикасының чемпионатын өткізген болатын. Осы орайда Жетекшісі Цой Анатолий Александрович құттықтау сөз сөйлеп, бір қатар үйірме мүшелерінің ата-аналарына алғыс білдіріп, гүл шоқтарын табыстап, үйірме қатысушылары Сыздыкова Даяна - юниор 2 дәрежесі бойынша 10 би бойынша Республика Чемпионы, Ли Валерия - юниор 2 дәрежесі бойынша 10 би бойынша Республика Чемпионатының қола жүлдегері, Цой Милена – жастар арасында 10 би бойынша Республика Чемпионатының қола жүлдегері, Арманкызы Айсезим - 10 би бойынша Қазақстан Республикасының Вице Чемпионы, сонымен қатар Ақтау қаласында өткен Европалық бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының кубогының жеңімпаздарын тілге тиек етіп алдағы уақыттада жарқын жетістіктерге бірге жететіне сенім білдірді.
Қатысқан адам саны- 1500