Ер адам қолын балтамен шауып алған

1 524

Фото: ВКонтактеҚолын балтамен шауып алған науқасқа павлодарлық хирургтер көмектесті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қалалық аурухана мәліметінше, былтыр 7 қазанында №1 ауруханаға қолын шауып алған науқас түскен. Владимир Дмитриенко өз үйінің ауласында ағаш кесіп отырған кезде байқаусызда балтамен қолын ұрып жіберген. Травматологтар, қан тамырлары хирургтері, анестезиологтар мен медбикелерден тұратын дәрігерлер тобы қолды тікті.

"Ол қолын сәл қозғалта алады. Алда оны оңалту күтіп тұр", - дейді дәрігер.

Бүгін қалалық ауруханаға облыстық мәслихат депутаттары келіп, дәрігерлерге алғыс хат табыс етті.

Сәтті ота жасаған дәрігерлер: Нұржан Қазкен, Тимур Сексембаев, Руслан Исмаилов, Досымхан Қасымханов, Ернұр Нүркебаев, Майя Қажкенова, Мағзира Қалкенова.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.