АУДАН ӘКІМІНІҢ АУЫЛДАРҒА САПАРЫ АҚСУ АУЫЛЫНДА ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
129
Аудан әкімінің ауылдарға жұмыс сапары Ақсу ауылында қорытындыланды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Алдымен атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы мақсат-міндеттерге тоқталған Асқарбек Темірбекұлы бір сәт елдің талап-тілегіне де құлақ түрді.
Ақсу ауылының тұрғындары үшін қуанышты жаңалық келесі жылы ауыл тұрғындары көгілдір отынның игілігін көреді. Электр желілері толық жаңартылады. Ауылға кіре беріс жол жөнделеді. 10 ауылдық округте учаскелік полиция инспекторларына тұрғын үй берілетін болады. Олардың қатарында Ақсу ауылының учаскелік полиция инспекторы да бар. Тұрғын үй ауыл әкімшілігінің балансында болады.
Тұрғындар тарапынан ұсыныстар айтылып, сұрақтар қойылды.
Мектепке білім саласының ардагері Бақберген Қожабаев атын беру, жер мәселесі туралы сұрақтар қойылды. Педагогикалық кеңес келіссе, мектептің атын өзгертуге еш кедергі болмайтынын айтты. Жер мәселесіне байланысты заңдылыққа сәйкес зерттеу зерделеу жүргізуге тиісті сала басшыларына нақты тапсырма берді.
Аудан әкімінің Жалағаш кенті тұрғындарымен кездесуі 29 қараша күні өтеді.
Айта кетсек, аудан әкімі бұған дейін Қаракеткен, М.Шәменов, Бұқарбай батыр, Мәдениет, Мырзабай ахун, Аққыр, Жаңаталап, Мақпалкөл ауылдық округтерімен Аққұм, Таң, Жаңадария, Аламесек, Еңбек ауылдарында кезекті халықпен кездесуін өткізген еді.