АУДАН ӘКІМІНІҢ АУЫЛДАРҒА САПАРЫ АҚСУ АУЫЛЫНДА ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

134

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Аудан әкімінің ауылдарға жұмыс сапары Ақсу ауылында қорытындыланды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Алдымен атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы мақсат-міндеттерге тоқталған Асқарбек Темірбекұлы бір сәт елдің талап-тілегіне де құлақ түрді.

Ақсу ауылының тұрғындары үшін қуанышты жаңалық келесі жылы ауыл тұрғындары көгілдір отынның игілігін көреді. Электр желілері толық жаңартылады. Ауылға кіре беріс жол жөнделеді. 10 ауылдық округте учаскелік полиция инспекторларына тұрғын үй берілетін болады. Олардың қатарында Ақсу ауылының учаскелік полиция инспекторы да бар. Тұрғын үй ауыл әкімшілігінің балансында болады. 

Тұрғындар тарапынан ұсыныстар айтылып, сұрақтар қойылды.
 
Мектепке білім саласының ардагері Бақберген Қожабаев атын беру, жер мәселесі туралы сұрақтар қойылды. Педагогикалық кеңес келіссе, мектептің атын өзгертуге еш кедергі болмайтынын айтты. Жер мәселесіне байланысты заңдылыққа сәйкес зерттеу зерделеу жүргізуге тиісті сала басшыларына нақты тапсырма берді.  

Аудан әкімінің Жалағаш кенті тұрғындарымен кездесуі 29 қараша күні өтеді.

Айта кетсек, аудан әкімі бұған дейін  Қаракеткен, М.Шәменов, Бұқарбай батыр, Мәдениет, Мырзабай ахун, Аққыр, Жаңаталап, Мақпалкөл ауылдық округтерімен  Аққұм, Таң, Жаңадария, Аламесек, Еңбек ауылдарында кезекті халықпен кездесуін өткізген еді.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.