"Астана" футбол клубынан ақша жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

274

Ресейлік футбол функционері және "Астана" футбол клубының сарапшылар кеңесі қорының мүшесі Дмитрий Васильев клубтағы жемқорлыққа қатысты арыз түсірген болатын- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазір таңда, футбол клубынан ақша жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақшаны 2018 және 2021 жылдар аралығында жалған келісімшарттар жасау арқылы жымқырды деп топшыланған. Келісімшарт бес футболшы (Исламбек Қуат, Валерий Чуперк, Семир Смайладжик, Лопес Фернандес Энрике, Фатос Бечирай) және бұрынғы бас жаттықтырушысы Андрей Тихоновпен жасалған. 

Жүргізілген тексеріс нәтижесінде жалған келісімшарттар еңбек шартынан кейін жасалып отырғаны анықталды. Ақша жымқыру дерегі бойынша "Астана" клубының басшысы Михаил Гурман мен бұрынғы басшысы Давид Лория басты күдікті болып отыр. 

30 қазан күні сот футбол клубының қаржылық құжаттары мен бухгалтериялық есептерін алу жайлы қаулы шығарған болатын. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.