Қазақстан бензин мен дизель отыны экспортына тыйымды ұзартпақ
Қазақстанда мұнай өнімдерін шығаруға салынған тыйымды алты айға ұзарту ұсынылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Энергетика, Қаржы, Ішкі істер министрліктері және ҰҚК әзірлеген бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Құжат 14 наурызға дейін қоғамдық талқыда болады.
Бұл іс-шара мұнай өнімдерінің экспортын бақылауды күшейтуге және Ресей алдында отынның реэкспортына тыйым салу жөніндегі міндеттерді орындауға бағытталған.
Құжатта елде АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынын тұтыну көлемі шамадан тыс артқаны айтылады.
Қаз
Рус






