"Детский мир" дүкенінде соғыс туралы кітап сатылып жатыр
Желіде Алматыдағы "Детский мир" дүкендер желісінің филиалында ресейлік баспадан шыққан “Соғыс туралы әңгіме” балалар әдебиеті сатылып жатқаны қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Threads әлеуметтік желісінің қолданушысы кітаптардың фотосын жариялады.
"Алматыдағы “Детский мир”де сатылады…" деген жазу қалдырып, наразылық білдіретін эмодзи қосты.
Бұл жарияланым қолданушылар арасында қызу пікірталас тудырды. Пікірлер екіге бөлінді.
Пікір білдірушілердің бір бөлігі бұл кітаптарда тұрған ештеңе жоқ деп есептейді. Олардың айтуынша, бұл – Ұлы Отан соғысының тарихын түсіндіретін танымдық әдебиет. Ал балаларды мұндай тақырыппен ерте таныстыру соғыстың қасіретін ұғынуға көмектеседі.
Belgorodbiblioteka.ru сайтында көрсетілгендей, Елена Ульеваның "Беседы о войне" ("Соғыс туралы әңгімелер") кітабынада – Ұлы Отан соғысының тарихы жазылған. Кітап форматы ардагер атаның немересімен жүргізетін қызықты әңгімесі түрінде құрылған. Немере соғыс не үшін басталғаны, сол жылдары адамдар қалай өмір сүргені туралы сұрақтар қояды. Атасы бұл сұрақтарға жауап береді.







