«Әкесінің тағдырын қайталады»...

436

Фото: polisia.kzАлматыда әскери ұшақ апатынан қайтыс болған 25 жасар жігіт туралы оның бұрынғы әріптесі айтып берді. Әйелдің сөзінше марқұмның өмірі әкесінің тағдырына ұқсас болды .
Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай Алматыда әскери ұшақ апатынан көз жұмған шекара қызметінің аға лейтенанты Мұхтар Сағымбаев туралы тың мәліметтер ұсынды. 
Марқұммен қызметтес болған әйел журналиске экс-әріптесі жайлы айтып берді. "Ол бала 25 жаста, үйленбеген. Мұхтардың әкесі де тура осындай ұшақ апатынан 20 жыл бұрын қайтыс болған. Әкесі шекара авиациясында қызмет атқарып жүріп, 2001 ақпан айында мерт болды.
 Енді баласы да әкесінің тағдырын қайталап отыр", - деді ол. 
Сонымен қатар, қызметтесінің сөзінше, көз жұмған жас жігіт анасы алған ипотека бойынша банкке қосымша қарызгер болған. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.