Түркістан облысында жол апатынан 4 адам қаза болды

258

Фото: polisia.kzТүркістан облысында жол апатынан 4 адам мерт болып, тағы 3 адам жарақат алды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.


Оқиға бүгін, түнгі сағат 02:00 шамасында болған. Ордабасы ауданы аумағынан өтетін «Шымкент-Бадам-Арыс» тасжолының Сарыарық ауылы тұсында «Lada Priora» мен «ВАЗ-21099» көліктері бетпе-бет соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Lada Priora» автокөлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Алайда, жолаушының бірі ауруханада көз жұмды. Бұдан бөлек, «ВАЗ-21099» көлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы оқиға орнында көз жұмған. 


«Бүгінгі таңда аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайы тергеу барысында анықталады», - делінген Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.