iPhone ұстайтындарға: министр байлық салығын салу мәселесін түсіндірді
Ұлттық экономика министрі сенат кулуарында қымбат смартфондар, нақтырақ айтқанда, iPhone ұстайтындарға байлық салығы салына ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қандай құны бар нысандарға байлық салығы салынатынын түсіндірді.
Қуантыров iPhone байлық салығының нысаны болмайтынын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Ұлттық экономика министрі сенатта Қазақстанда байлық салығы аясында ұсынылып отырған жаңашылдықтар туралы айтып берген еді. Қазақстандағы байлық салығы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы халыққа Жолдауында елімізде орта тапқа әсер етпейтін байлық салығын енгізу керегін мәлімдеген. Кейінірек қазақстандықтар болашақ байлық салығының жалған кестесін тарата бастады – онда 2 млн теңгеден бастап мүлікке салық салынатыны көрсетілген еді. Сол кезде Ұлттық экономика министрі Қазақстанда байлық салығы нақты қандай нысанға салынатынын түсіндірген. Оның айтуынша, бұл салық құны едәуір жоғары мүлікке салынады.