Қызылорда мүгедектер үшін «КЕДЕРГІСІЗ ҚАЛА МА?»
1 800
Редакциямызға қызылордалық бір топ арбаға таңылған 1 топ мүгедектігі бар жандар хабарласып, қаладағы пандустар мен автотұрақтарға көңілдері толмайтынын және олардың орналасуы көп қиындық тудыратынын жеткізді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қызылорда қаласы әкімдігіне қарасты Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі тарапынан мүгедектігіне байланысты арбаға таңылған және сол бойынша қызмет алатын 867 адам бар. І-топ мүгедегі, журналист, жігерлі жан Зәуре Уксимбаева қала орталығындағы пандустарға мүлдем көңілі толмайтынын айтады. Оның айтуынша қалада қозғалу, жүру қиындық тудырады. «Көпшілік жерде пандустар жоқ, бар болса да стандартқа сай емес, өз күшімен жүру мүмкін емес. Есіктер тар, арбамызбен сыймаймыз, қозғалуға көп кедергі»- дейді. «Тіпті шаштараздарға, дәріханаларға, дәмханаларға барса пандустар жоқ немесе қатты биік, арбамыздың бір дөңгелегі сыймайды. Енді пандустан өзге жандардың көмегімен көтерілгенде тағы бір мәселе пайда болады. Ол есіктің тар болуы. Қаламыздағы дәмханалар мен дәріханаларда, көптеген оқу орындарында есіктер стандартқа сай келмейді, арбамыз сыймайды»-деп өз шағымын жеткізді жігерлі жан.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 25-бабына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлалар, сондай-ақ заңды тұлғалар мүгедектерге ортақ пайдаланылатын көлік құралдарына, тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістік үйлерге, ғимараттарға мен үй-жайларға кедергісіз кіріп-шығуына, әуежайларда, темір жол вокзалдарында, автовокзалдарда, автостанцияларда, теңіз және өзен порттарында еркін бағдар ұстануы мен
жүріп-тұруына ұлттық стандарттарға сәйкес жағдай жасауға міндетті делінген. Алайда осы міндетті қаламыздың кәсіпкерлері орындамай отырғанына қапа болған мүгедектігі бар жандар қайда барарын да білмейміз дейді.
Қоғам белсендісі, көп балалы ана Гүлмира Кужаева да бұл мәселеге бойынша өз пікірін білдірді. «Бұл мәселелерді біз қанша айтсақ та орындалып жатқан жоқ. Қалаға шыққанда бүкіл жерді аралап кетеміз пандус іздеп. Енді пандус таптық па деп қуанған кезімізде ол стандартқа сай емес тар болып шығады немесе есігіне сыймаймыз. Бұл бір шешімі жоқ мәселе секілді.Айтып шаршадық» - дейді белсенді ана.
Аталмыш мәселе бойынша Қызылорда қаласы әкімдігіне қарасты Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөліміне арнайы сұрау хат жолдаған болатынбыз. Бөлімнің жауабы бойынша өңір бойынша мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және олардың қоғамдық орындарда кедергісіз
жүріп-тұруларына жағдай жасау мақсатында 2012-2020 жылдар аралығында 1167 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына «Nur Otan» партиясы жанынан құрылған жұмысшы тобымен түгендеу жүргізіліп, «Қолжетімділіктің интерактивті картасына» енгізілген. Олардың ішінен мүгедектерге қолжетімді жағдай жасау үшін бейімдеуге жатқызылған 416 нысанға ішінара бейімдеу жұмыстары жүргізілген.
Бөлім тарапынан келген жауап хатта : «Назарбаев даңғылы бойындағы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің маңында орналасқан өтпелі көпірде орналасқан мүгедектігі бар адамдарға арналған лифттің пайдаланатын
40 магниттік және 100 қол кілттері сол мөлтек ауданда тұратын мүгедектерге пайдалану үшін тапсырылған» делінген. Бірақ, редакциямыздың тілшілері шағымданушы жандармен бірге барған кезде арнайы лифт мүлде шаң басып, қолданылмай, құлыпталып, жабық тұрғанына көз жеткізді.
Одан бөлек қаладағы біршама нысандардағы жағдайға жауап ретінде, суреттер сөйлесін:
Қоғам белсендісі, “Жылы жүрек жастар” қоғамдық қорының басшысы, белсенді жан, І-топ мүгедегі Сиюов Сағатбекпен осы мәселе жөнінде пікірін білген едік:
«Пандус мәселесі біздің қалада өте күрделі мәселе. Ешқандай талапқа сай емес. Өзім арбаға танылғалы көтеріп келе жатқаным осы пандус мәселесі. Мен алдыма бірнеше мақсаттар қойған болатынмын. Оның бірі Қызылорда қаласын “Кедергісіз қалаға” айналдыру. “Кедергісіз қала” дегеніміз мүмкіндігі шектеулі жан қала ішінде кедергісіз қозғалуы керек. Осы мақсатта көптеген жұмыстар жасалды, көптеген ақпарат құралдарына, телевидение, сайт, газеттерге түрлі мақалалар шығарған едік. Алайда процесс өте баяу. Бізде биік ғимараттар жоқ болғандықтан, лифтісі бар ғимарттар санаулы. Алайда лифт бар кей ғимараттар жүріп тұру үшін ыңғайлы. Бізде қалада тұрақтарда арнайы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған деген тақтайша бар. Арнайы белгі бар жерге жүргізушілер өз көліктерін қойып кетеді немесе арнайы белгілілер жоқ. Көп жерлерде өзім көлік айдағалы кездсетін мәселе осы. Бұл мәселені мен әлеуметтік желіге жариялап, жергілікті полиция басқармасымен көптеген жұмыстар жасалынып жатыр. Бір ғана мысал қаламыздағы «Жаңа базарда» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы автотұрақ белгісін орнаттық. Осы бағытта жасалып жатқан жұмыстар көп.Осы тұста айтарым арнайы ғимаратты жалға алып отырған немесе беріп отырған кәсіпкерлерге мемлекеттің бекіткен талаптарына сәйкес пандус жасаса. Мүмкіндігі шектеулі жандар да қоғамның бір мүшесі. Оларда қала ішінде қиындықсыз жүрсе, қозғалса. Мен де төрт қабырғаның ішінде қамалып отырғым келмейді. Бұл да бір Алланың берген сынағы. Мен осындай қиындықтар барын білдім, күрескім келді. Осы үшін қоғамдық ортада белсенді болып, көптеген мәселелерді көтерудемін» - дейді Сағатбек Сиюов.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Заңының
37 - бабына сәйкес мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады. Дегенмен осы заңның өз дәрежесінде орындалмай жатқаны қаншама мүгедектігі бар жандардың көңіліне қаяу ұялатып тұр.
Балжан Арысбай,
журналист