Қызылорда облысында тұрғынның көлігінен граната мен марихуана тәркіленді

249
Қызылорда облысында тұрғынның көлігінен граната мен марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен облыс көлемінде өткізіліп жатқан “Заңсыз тасымалдаушы” жедел-профилактикалық шарасы барысында М 32 Самара – Шымкент тас жолының 1466/800 шақырымында күдік тудырған автокөлік тоқтатылды.


Тексеру барысында көліктің жүксалғышынан сөмкенің ішінен пакетке оралған гранатаға ұқсас жарылғыш зат және жүргізуші орындығының астынан екі газет қиындысына оралған өзіне тән ерекше иісі бар шөп ұнтақтары анықталды. Сараптамаға сәйкес, шөп ұнтақтарының кептірілген марихуана екендігі белгілі болды. 

Аталған дерек бойынша Қазақстан республикасы ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.