25 жыл бұрын болған қылмыстық іс ашылды

1 425

Фото: istockphoto.comІшкі істер министрлігі прокуратурамен бірлесіп, 25 жыл бұрын Оралда болған адам өлтіру қылмысын ашты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде екі күдікті – тапсырыс беруші мен орындаушы ұсталды.

Қайғылы оқиға 2000 жылдың желтоқсанында боған. Онда екі тұрғын оқ жарақатынан қаза тапқан. Қылмыстың жасалуына қаржылық келіспеушілік себеп болған.

«Тікелей дәлелдердің болмауына байланысты қылмыс ұзақ уақыт бойы ашылмады. Алайда жедел-тергеу тобының мұқият жұмысының арқасында оқиғалар тізбегін қалпына келтіріп, күдіктілерді анықтау мүмкін болды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында олардың қылмысқа қатыстылығын растайтын қосымша айғақтар алынды.

Қылмыстық іс «Алдын ала сөз байласу бойынша топтың екі немесе одан да көп адамды өлтіруі» бабы бойынша жүргізілуде.

«Заң және Тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету жұмысы ерекше бақылауда», - деп атап өтті ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.