Полиция ғимаратын тазалау кезінде граната жарылып, бір жұмысшы қолынан айырылды

732

Тараз қалалық Ішкі істер басқармасы аумағын тазартып жатқан жұмысшылардың бірі дыбыс шығаратын граната тауып алған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Қызықтаймын деп оны қолға алған сәтте граната жарылып, ер адам мүгедек болып қалды.

Бұл факт бойынша жараланған жігіттің жақындары арыз жазды. Олар жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмағандарды жауапқа тартуды талап етеді. Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, тазарту жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлерге қауіпсіздік талаптарын қатаң ұстану қажеттігі ескертілген.

Жұмысшы дыбыс шығаратын граната тауып алып, қауіптілігін ескермей қолға алған. Сол сәтте ол жарылған. Бұл дерек бойынша ҚК 156 — бабы, 2 –бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды— дейді облыстық ПД өкілдері.

Қолынан айырылған 26 жастағы жігіттің отбасы бар екен.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.