Қызылордада сол жағалаудың газы төбеге атқылауда
530
Қызылордада жаңадан бой көтерген мөлтек ауданның бірінде газ құбырынан ақау шықты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Көгілдір отын құбыры тұрғын үйлеріне жуық жерде орын алған. Жер асты құбырынан тоқтаусыз газдың сыртқа шығып жатқанын тұрғындар арнайы мамандарға хабарлаған. Алайда ақаудың неден шыққаны белгісіз.
Бейнежазбадағы жағдайға қарап, тұрғындардың жайдан-жай алаңдаушылық танытпағанын көруге болады. Қала орталығындағы үйлердің маңынан жүргізілген газ құбыры бұған дейін сыр бермеген.
Көгілдір отын иісі өртке ұласа ма деп үрейленген тұрғындардың алаңдауына да негіз бар. Ақау шыққан маңнан газдың иісі едәуір сезіледі. Шұңғымадан атқылап жатқан газды аңғаруға да болады. Тиісті «ҚазТрансГазАймақ» мамандары да жөндеу жұмыстарын жүргізу кірісіп кеткен.
Қазір газ таратушы мекеме апаттың себеп-салдарын нақтылап, ақауды жоюға кірісті. Жұмыстың ауқымын білу үшін алдымен ақаудың көлемін нақтылап алу керектігін атап өтті. .

«Жер астындағы жартылай қысымдағы құбырлардың бірінен газ шығып жатқаны анықталды. Десек те, тұрғындарға берілетін газ өшірілмеді. Газ құбырының неден тесілгендігін білу үшін. Ақауды тауып, оның материалын анықтау қажет. Содан кейін анық болады»,- дейді мамандар.