Тауда мотоцикл жүргізушілерін қамшымен сабағандар іздестіріліп жатыр

1 557

Фото: видеодан скриншотӘлеуметтік желіде Алматы облысы Қаскелен тауларында мотоциклшілерді мылтықпен қорқытып, қамшымен сабаған адамның бейнежазбасы тарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Аталған жағдайға қатысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.


"14 шілде күні «Известковый» тауларында бейтаныс адамдар бір топ адамды ұрып-соққаны туралы шағым Қарасай аудандық полициясына келіп түсті. Жәбірленушілер сөзінше, бейтаныс адамдар оларды жануарларды үркітті деп айыптап, қамшымен сабаған және мылтықпен қорқытқан. Қазіргі уақытта бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр",— деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.


 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.