Атысты от шашу деп ойлаған 12 жастағы баланың өлімі жайлы ағасы айтып берді

458

Алматыда 12 жастағы баланың өлімі жайлы ағасы айтып берді. Жеткіншек оқ дыбысын от шашумен шатастырған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.


Оқиға 5 қаңтарда 20:30-да болды. Бала дүкенге анасымен, тәтесімен және ағасымен бірге шыққан. Олар ішке кіргізбегендіктен, азық-түлік дүкенінің жанында тұрған.

"Біраз уақыттан кейін атыс басталды. Сұлтан (қайтыс болған інісі) бұл от шашу деп ойлап қалып, оны телефонға түсірмек болды. Өстіп тұрғанда оқ желке тұсына тиді. Әуезов АІІБ шатырынан оқ атты.

Үлкендер көліктердің артына тығылып, ағасы Сұлтанға қарай жүгірмек болған анасын ұстап қалған. “Ол жерде шамамен 15 минут жатты, өйткені атыс кезінде жанына ешкім бара алмады. Содан кейін біз оны алып кеттік, бірақ оның жүрегі тоқтап қалған екен", –  деді ағасы.

Туыстары полицияға арыз жазды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.