Мәһірге миксер сұраған қалыңдық жұртты күлдірді
Мешітте некесін қидырып жатқан қалыңдық күйеу жігіттен мәһірге ас үйге керек затын сұрайды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Екі жастың видеосы әлеуметтік желісінде пайда болды. Онда ақ көйлек киген қалыңдық имамның сұрағына жауап беріп жатыр. Ол "мәһірге не сұрайсың" деген имамға "миксер алып берсін" деп жауап береді. Оның жауабына мешітке келген екі жастың достары мен жақындары күліп жатыр.
Ал желі қолданушылары екі жасқа бақыт тілеп, түрлі пікір жазып жатыр.
Қаз
Рус






