Зейнеткер әуежайда полиция қызметкерлеріне күш көрсеткен
Орынбор облысындағы әуежайда зейнеткер полицияның екі қызметкеріне күш қолданған. Сот Қазақстан азаматына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Іс материалдарына сәйкес, 74 жастағы зейнеткер әйел Қазақстаннан Ресейге қызын көру үшін барған. Ол Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасынан автокөлікпен өтіп, әрі қарай ұшаққа отыру керек болған. Тексеру кезінде әйелдің қол жүгінде бес литрлік май құтысы бары анықталды.
Бұлтартпау шарасын тағайындау үшін сотқа жеткізілгенде зейнеткер өз кінәсін мойындамады және билік өкілдеріне күш қолданбағанын айтты.
Әйелдің егде жаста екенін ескерген сот өтінішті қарауды кейінге қалдырды және туыстарына қамауға алу немесе үйқамақ сияқты жеңілірек бұлтартпау шарасын тағайындауға мүмкіндік жасады.
Жиналған мәліметтер негізінде сот зейнеткерге қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады.







