Бюджет қаржысы мақсатты жұмсалуы тиіс
Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының міндетін атқарушысы Арман Жанәділов БАҚ өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kyzylorda-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Жиын барысында Арман Барысханұлы жергілікті басылымдарға, телеарналар және республикалық БАҚ-тың өңірлік тілшілерімен танысып, департменттің атқарып жатқан жұмыстары турасында ақпар берді. Дөңгелек үстел басында тергеу басқармасының басшысы Ерлан Қасқырбайұлы, талдау әзірмелеу тобының АМІЖ жедел уәкілі Нұрбол Әлкебайұлы қаржы пирамидасы, әлеуметтік манызы бар азық –түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру және қадағалау секілді өңір үшін маңызды мәселелер бойынша баяндама жасап, БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап берді.
Департамент тұрақты талдауға алған бағытың бірі – әлеуметтік манызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру және қадағалау.
Облыс әкімдігі жанынан құрылған комиссия ай сайын жергілікті жерде өндірілетін азық-түлік тауарларына (күріш, тұз) бағаны негізсіз көтеру, және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізуші делдалдардың бағасын қадағалайды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату барысындағы үстемесін асыру бойынша 2 жылда 31 факті анықталған. Асырғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мемлекеттік органдарда сатып алудың кезінде өнімсіз делдалдарды жоюдың оң тәжірибесі бар.
Сонымен қатар, департаменттің жүргізген тексеру нәтижесінде облыстық 3 ауруханада өнімсіз азық-түлік жеткізу тізбегінен делдалдар алынып тасталды. Бұған дейін әлеуметтік манызы бар азық –түлік тауарларын әлеуметтік мекемелер жоғары бағамен сатып алып, бюджет қаражатын негізсіз жұмсағаны анықталды. Көтерме сатушылармен және өндірушілермен тікелей келісім шарттар жасалғаннан кейін әлеуметтік маңызы бар тауарларын тізбесінің 11 атауы бойынша бағаның төмендеуі қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, қартоп, сәбіз, қырыққабат және қант арзандады.
Сонымен қатар Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Қызылорда-Ұлытау облысы шекарасы» (216 шақырым) көлік жолын қайта жаңғырту жобасына қашықтан талдау жүргізіп, нәтижесінде 1.5 млрд теңгеден астам қаражаттың мақсатсыз пайдалану тәуекелдерін анықтады.
«Аталған деректер бойынша, «Қазавтожол» АҚ-на және облыстық әкімдікке, жол құрылысының сапасын бақылауға алу туралы хаттар жолданды.
Департаменттің бастамасымен облыс Әкімінде «Аралтұз» АҚ басшысымен кездесу өтіп, келісімге келген. Яғни 2023 жылы «Аралтұз» АҚ Арал ауданының әлеуметтік саласына 225 млн. теңге көлемінде инвестия салынды. Атап айтқанда, Арал қаласында спорт кешенің салуына – 170 млн. теңге, спорт алаңының құрылысына – 25 млн. теңге, ойын алаңына-20 млн. теңге, қайырымдылық және демеушілік көмекке – 10 млн. теңге қарастырылған.
Қазақтан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің қолға алған жаңа жобасының бірі - 2022 жылдан бастап қаржы пирамидалары мен алаяқтық сайттарын анықтау бойынша әлеуметтік желіге мониторинг жүргізіле бастады. «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы қаржы пирамидасы белгісі бар сайттар мен сілтемелерді бұғаттау үшін Қазақстан Республикасының цифрландыру министрлігі жанынан арнайы эксперттік топ құрылған. Біздің қызылордалық мамандардың жұмысы нәтижесінде осы эксперттерге 526 сайттар мен сілтемелерді бұғаттауға жолдама берілген, оның ішінде 60 сілтеме бұғатталды, 96 сілтеме эксперттің бақылауында, 333 сілтеме «қол жетімсіз» (недоступны) болып үлгерген.
«Жастарды қаржылық алаяқтықтан сақтандыру мақсатында, Қызылорда қаласындағы мектептер мен колледждерде 2022 жылдың қазан айынан бастап «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбында семинар-сабақтар өткізуді қолға алдық.
Сол себепті Департамент жанында қоғамдық кеңес құрылған. Қеңес жоспарына сәйкес, Қызылорда облысының білім басқармасымен бірлескен “Балақайларға қаржылық сауаттылық туралы” атты 2 кезеннен туратын облыстық сайыс өткізілді. 1-кезең аудандық балабақша тәрбиешілері арасында өтті. Байқауға барлығы 81 балабақша тәрбиешісі қатысты. 7 аудан бойынша сыннан сүрінбей өткен жеңімпаздар облыстық кезеңде бас қосты.
Сонымен қатар, сәуір айында аудан және қала оқушылар мен студенттер арасында “Лудомания болашақтың дерті” тақырыбында дебат өткізілді. Дебатқа қатысқан 219 білім беру ұйымының 3756 білім алушысы қатысты. Білім алушылар өздерінің пікірлері арқылы құмар ойындардан сақтану туралы өз көзқарастарымен бөлісті», - деді тергеу басқармасының басшысы Ерлан Қасқырбайұлы.
Департамет басшысы журналистермен емен-жарқын сұқбат құрып, экономикалық қылмысқа қатысты әрбір фактіні ақпарат негізіне алғанда оны жан-жақты зерттеу тақырыбына да айналдыру туралы ұсыныс білдірді. Сондай-ақ әрі қарайда тығыз жұмыс жасауға шақырды.
Кездесу соңында департамент қызметін ақпарттандыруда белсенділік танытқан бірқатар журналистер Алғыспен марапатталды.