«Белдікпен сабап, шашын жұлған»: Өгей әке қызына қорлық көрсетіп келген

1 656

Фото: ашық дерек көзіШымкентте мектеп жасындағы қызды өгей әкесі жылдар бойы ұрып-соғып, қорлық көрсетіп келген. Бұл туралы «Не молчи» қорының негізін қалаушы, белсенді Дина Таңсәрі желі парақшасында жазды, -  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қорға қыздың туыс әпкесі хат жазып, араша сұраған. Белсенді Whats App мессенджеріндегі жазбаның үзіндісін жариялады. Туысының жазуынша, қорлық көріп келген қыз қазіргі таңда кәмелет жасына толмаған балаларды бейімдеу орталығында және ол үйіне барғысы келмейді.


Дина Таңсәрінің мәліметінше, 2017 жылы өгей әкеден қорлық көрген қыздың әжесі полицияға арызданған екен. Бірақ туыстарының айтуынша, жағдай өзгермеген. Қыздың анасы да соққыға жығылады екен. Өгей әке қызды өте қатты ұрып-соғып, тіпті шашын жұлған. Белсенді бұтына тек іш киімі бар ер кісінің балаларын балағаттап,  бірін белдікпен ұрған сәттің видеосын Telegram-каналында жариялады.


Аталған видеоға қатысты Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева үн қатты. Балалар омбудсмені бұл туралы желі парақшасында жазды.


«Шымкенттік қыздың қорлық көру фактісі бойынша былтыр сәуір айында арыз келіп түскен. Сол жағдайдан кейін қыз кәмелет жасына толмаған балаларды бейімдеу орталығына орналастырылды. Әкімшілік іс қозғалды. Кейін қыз үйіне оралды. Ал қазір қайтадан сол орталықты паналап отыр. Қазіргі таңда ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралып жатыр. Сот отырысы күтілуде. Анасы мен тағы екі бала дағдарыс орталығына орналастырылды. Заңгерлер мен психологтар олармен жұмыс істеп жатыр. Осы факт бойынша қалалық прокуратурамен жұмыс істеп жатырмын» деп жазды