12 адамды үсік шалды

1 512

Солтүстік Қазақстан облысында сарышұнақ аяз басталғалы 12 адамды үсік шалды, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап.


Дәрігерлердің сараптамасынан кейін олардың 5-і ауруханаға жатқызылды. Суықта дала кезіп, қатты тонып қалғандардың көбі аяқ-қолдарын үсіріп алған. Қазір науқастар медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды. Кейбіріне операция жасалуы мүмкін. 


Өңірде бір аптадан бері аяздың беті қайтар емес. Ауа температурасы кей жерлерде 35-40 градусқа дейін төмендеді. Ақ халаттылар жылы киініп, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес береді. 

«Аязды күні жолға шығып, көлігі сынған азаматты үсік шалды. Бұл тізімде мал іздеп, ермек үшін балыққа барғандар, ішімдік ішкендер және тұрғылықты мекен жайы жоқ адамдар да бар. Қазір ауруханаға жатқызылған науқастар ем қабылдап жатыр», - деді қалалық көпбейінді аурухананың баспасөз хатшысы Екатерина Белоусова.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.