Елордада КамАЗ жүк көлігі LRT қоршауына соғылды (ВИДЕО)

188
Астанада «КамАЗ» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі  рөлді басқара алмай, LRT қоршауына соғылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Елордалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Ведомствоның мәліметінше, жол апаты 5 желтоқсан күні сағат 12:20 шамасында болған. Апаттан зардап шеккендер жоқ.

«КамАЗ маркалы көлігінің 31 жастағы жүргізушісі Сығанақ көшесімен жүріп, Түркістан көшесінен Қабанбай батыр даңғылына қарай келе жатып, жол жамылғысын ескермей және рөлді басқара алмай, қоршауға соғылып, оны зақымдаған (бағанасы бүлінбеген)», – деп мәлімдеді Астана ПД баспасөз қызметі.

Жүргізушіге қатысты ӘҚБтК 610-бабының 1-бөлігі (Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң адамдардың денсаулығына зиян келтiру, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлiнуiне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерiн бұзуы) бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Полиция көлік иелерін көктайғақ кезінде жолдарда өте сақ және мұқият болуға шақырды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.