Бейтаныс ер адам көшеде пышақ алып жүрген

1 515

Фото: ©Pixabay.comПетропавлда Ұлттық ұланның 6637 әскери бөлімінің әскери қызметшілері суық қару алып жүрген азаматты ұстады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі qaz-media.kz сайтына сілтеме жасап.

 Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында ефрейтор Никита Шимин бастаған әскери жасақ кинолог ефрейтор Жандос Амангельдімен бірге қаланы аралап жүрген. Тексеру барысында азаматтың қалтасынан ұзындығы шамамен 35–40 сантиметр болатын пышақ табылған. Аталған дерек бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды.


«Әскери қызметшілердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде құқық бұзушылықтың алдын алып, жағдай толық бақылауға алынды. Күдікті азамат одан әрі тексеру жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды, — деді ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.