"Қазпошта" қызметкері бір жылға жуық зейнеткердің ақшасын ұрлап келген

377

Қостанай облысында "Қазпошта" қызметкерінің зейнетақы ұрлау фактісі анықталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Алау-ТВ арнасына сілтеме беріп. 


Октябрь кентінің Лисаков пошта байланысы бөлімшесінің басшысы 2020 жылғы қазан айынан бастап 2021 жылғы шілде айына дейінгі кезеңде зейнеткердің қаражатын ұрлаған.

“Өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, қызметкер ақша алуға құқық беретін кассалық-шығыс ордерлерін жасаған. "Ақшаны алатын тұлға" тізбегінде алаяқ зейнеткердің қолын қойған.

Қарт әйелдің зейнетақы шотынан жалпы 440 мың теңге ұрланған.

"Қазпошта" қызметкері екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, тауар-материалдық жауапкершілікпен байланысты қаржы ұйымдарында 3 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.