Вагон алмақ болған азамат 22 млн теңгесінен айырылды

1 500

Фото: Polisia.kzКүдіктілер логистикалық компания қызметкерлері болып танысып, теміржол вагонын ұсыну арқылы жәбірленушіден қомақты қаражат алған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысы ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы және тергеу бөлімшесінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «вагон әпереміз» деп 22 млн тенгеге жуық ақша иемденген алаяқтыққа қатысы бар екі күдікті Алматы қаласының аумағынан ұсталды.

Тергеу барысында күдіктілердің логистикалық компания қызметкерлері ретінде танысып, теміржол вагондарын ұсыну сылтауымен жәбірленушінің сеніміне кіргені анықталды. Осылайша олар оның жалпы сомасы 21 млн 883 мың тенге қаржысын иемденген.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Күдіктілер сот санкциясымен қамаққа алынды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.