Шымкентте ЖШС басшысы мүгедек балаларға арналған алаңға бөлінген қаржыны жымқырған

268

Шымкентте мүгедек балаларға арналған алаңдар құрылысына бөлінген қаржыны ұрлады деген күдікпен ЖШС директоры тергеліп жатыр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.



«Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті «Қамқор» жедел-алдын алу іс-шаралары нәтижесінде ЖШС директорына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол 2019 жылы мүгедек балаларға арналған алаңдар құрылысының орындалған жұмыстар актілеріне жалған мәліметтер енгізу арқылы 3 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.