7 жасар бала терезеден құлап кеткен

1 511

Фото: ©gov.kzАқмола облысында жеті жастағы бала көпқабатты үйдің үшінші қабатындағы терезеден құлап кетті. Бала маса торына сүйенген кезде тор салмақты көтермей қалған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі  BAQ.KZ.сайтына сілтеме жасап.

2026 жылғы 4 наурызда аудандық ауруханадан кезекші бөлімге 7 жастағы баланың ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама түсті, - деп хабарлады өңірлік Полиция департаменті.

Алдын ала деректерге сәйкес, бала үйде ағасымен бірге болған. Екеуі балконға шыққан кезде төменде жүрген итті байқап, бала маса торына сүйенген. Алайда тор салмақты көтере алмай, бала төменге құлап кеткен. Дәрігерлердің айтуынша, баланың сүйектері сынбаған. Дегенмен ол қатты шошыну күйінде болғандықтан, таңертеңге дейін дәрігерлердің бақылауында ауруханада қалған. Полиция қызметкерлері ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аудару керектігін ескерткен. Мамандар балаларды ашық терезе мен балкон маңында қараусыз қалдырмауға шақырады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.