Өскеменде үй қызметкері 130 мың АҚШ долларын ұрлаған

147

Фото: OLX

Өскеменде үй қызметкері 130 мың АҚШ долларын ұрлаған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Өскемен қаласы ПБ Сол жағалау ПБ-нің «102» жедел арнасына облыс орталығының 35 жастағы тұрғыны жүгінген. Ол үйдің астыңғы қабатында орналасқан сейфтен шамамен 130 000 АҚШ доллары жоғалғанын, бұл шамамен 61 100 000 теңгені құрайтынын хабарлаған.


Жәбірленушінің арызы бойынша полицейлер дереу қылмысты ашуға кіріскен.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол жәбірленушінің үй қызметшісі болып жұмыс істеген 21 жастағы бойжеткен болып шыққан.


"Қаскөйдің айтуынша, ағымдағы жылдың тамыз айының басында ол сейфтен алғаш рет 10 000 АҚШ долларын ұрлаған және осы ұрланған ақшаға шетелде демалып келген. Демалыстан оралғанда қыз үй иелері ақшаның жоғалғанын байқамағанын түсінген, әрі қарай ештеңе болмағандай сол үйде жұмысын жалғастырған .
Бір айдың ішінде үй қызметкері сейфтен 130 000 АҚШ долларын алып шыққан. Бұл ақшаға ол үйлену тойын жасаған, пәтер және көлік сатып алған
", - делінген хабарламада.

 
Қазіргі уақытта 21 жастағы қылмыскер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі (ірі көлемде жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.