ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫҢ ЖАНАЙҚАЙЫ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚҰЛАҒЫНА ЖЕТТІ

349
Қызылордалық мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініштерінің бірі келер жылы іске аспақ, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгінде қызылордалық мүмкіндігі шектеулі жандардың басым көпшлігі қоларба көмегіне жүгінеді. Алайды ем-дом алу барысында, тіпті жүріп- тұру барысында көмекшінің қажеттілігі аса маңызды. Десек те, мүмкіндігі шектеулі жандардың бірі Уксимбаева Зауре ханым бала кезінен мүгедектігі бола тұра, санаториялық ем қабылдауым үшін көмекшіге жүгінетіндігін алға тартты.


Естеріңізге сала кетсек, «ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ МҮГЕДЕК ЖАН НАРАЗЫЛЫҒЫН БІЛДІРУДЕ»  атты мақаламыз жарық көрген болатын.  


Расында 1 және 2 топ мүгедегі үшін ем-дом алу барысында басқа облыстарда көмекші бірге санаторияға барса, ал біздің облыста қарастырылмағандығын атап өткен болатын.


Бұл мәселе бойынша сала басшылары біздің облыста
ғы қаржы жетіспеушілігін алға тартып, алдағы уақытта шешімі табылып қалар деп сендірген болатын.

Алайда, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қабылдауына кірген Анар Әбілдаева мен Роза Смағұлова жоғары да көтерілген мәселені әкімдік құлағына жеткізді.


«1 топ мүгедегіне сауықтыру орындарына, санаторияларға бірге бару мүмкіндігі қарастырыламаған.  Соған облыстық немесе қалалық бюджеттен болса да қарастырып берсе. Сонымен қатар, қаламызда мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтуға ықпал етсе деп қабылдауына жазылдық. Әкімдік тарапынан тапсырмалар берілді. Енді алдағы уақытта нәтижесін көреміз»,-деді Анар Әбілдаева.

Расында, бүгінгі күні дені сау адамның жұмысқа орналасуы екі талай. Ал, мүмкіндігі шектеулі жандарға мүлдем қиын. Аймақ басшысы, көтерілген мәселенің шешілуіне ықпал ететіндігін жеткізіп, тіпті бөлім басшыларына сәйкесінше тапсырмалар берді.

«Айтылған өтініш орынды, өздігінен жүре алмайтын жандарға көмекші керек. Мәслихатқа тездетіп өзгертулер енгізіңдер. Келесі жылдан бастап, көмекші бірге еріп барсын. »,- деді аймақ басшысы Нұрлыбек Мәшбекұлы.

Алайда, берілген тапсырманың тыңғылықты орындалуы сала басшыларына жүктелгенімен. Айтылған сөздің аяқ асты қалмауы біздің жіті бақылауымызда болады.