Жедел жәрдем қызметкерлерін пышақпен қорқытқан ер адам ұсталды

1 580

Фото: видеодан кадрАстанада мас күйде әйелін ұрған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Елордалық полицейлердің айтуынша, оқиға өткен түнде болған.


Отбасылық жанжалдан таяқ жеген әйел жедел жәрдем шақырған. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкері келген кезде ер адам мас болған. Ол медицина қызметкерлерін балағаттап, пышақпен қорқытқан. Бөлмеге қамап, тіпті фельдшерге жұдырық ала жүгірген. Медицина қызметкерлері 102 шақырған.


Полиция жасағы ер адамды дереу ұстап, Алматы аудандық Полиция басқармасына жеткізді.

Пышақ тәркіленіп алынды.


Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, жанжал шығарған 25 жастағы ер адам мас болған.


Оған әкімшілік іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.