ЗК-169/5 МЕКЕМЕСІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАДЫ

624

ЗК-169/5 мекемесінің ұжымы жалғыз басты анаға қайырымдылық жасады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ол отағасы қайтыс болғаннан бері өмірдің тауқіметін жалғыз өзі өткеріп келеді. Жанына жалау болатын балалары да жоқ. Мүмкіндігі шектеулі кейуананың жай-күйімен қанық мекеме ұжымы азық-түліктерін жеткізіп берді. 

-   "Мен бала сүйе алмай, шалымнан айырылып, осылай жалғыз қаламын деп ойладым ба? Бәрі жаратқанның қалауымен болады ғой. Айналама тек жақсы адамдардың жиылғанына шүкіршілік етемін. Көлдей көңілдеріңе рахмет, жандарым! Сендерді Алла жарылқасын, жолдарың ашық болсын",- деді Жұмакүл ана толғаныспен


















Қызылорда қаласы бойынша ҚАЖД