Сот төрағасы кісі өлтірді деп күдікке ілінген азаматтан 9 миллион теңге пара алған
Алматы Қонаев қаласы сотының төрағасы кісі өлтірді деп күдікке ілінген азаматтан 9 миллион теңге алғаны үшін сотталды. Ол сотта айыптауды қайта жіктеуге көмектесуге келіскен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Kozachkov offside Telegram арнасының мәліметінше, Қонаев қаласы сотының төрағасы Жайық Жанболатовтың ісі бойынша сот процесі басталған.
Сот төрағасына алаяқтық айып тағылмақ. Бұл қылмысы үшін ол 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бірақ 90-180 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеу арқылы құтылуға мүмкіндігі бар. Іс Қарасай аудандық сотында қаралмақ.