Тамыз айында Қызылорда және Маңғыстау облыстарында құрғақшылық болады - Қазгидромет

237
Қазгидромет тамыз айына арналған құрғақшылық болжамын жариялады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала есеп бойынша, 2022 жылдың тамызында елдің солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және орталығында (жекелеген аймақтарды қоспағанда) ылғал шарттары негізінен нормаға жақын болады. 

Қызылорда облысының Қармақшы ауданында, Маңғыстау облысының Қарақия және Маңғыстау аудандарында құрғақшылық болады деп болжанып отыр.

 Сондай-ақ, Ақтөбе облысының Әйтеке би және Мұғалжар аудандарында, Қарағанды облысының Нұра ауданында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында жауын-шашын тапшылығы болады. 

Ақтөбе облысының солтүстік және батыс бөлігінде, Атырау облысының Қызылқоға ауданында, Батыс Қазақстан облысының Сырым, Казталов және Ақжайық аудандарында керісінше жауын-шашын мол түседі.

 Сондай-ақ Алматы облысының Панфилов және Кербұлақ аудандары да ылғалдан кенде болмайды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.