Сіріңкемен ойнаған 7 жасар қыз өртеніп кетті

425

Батыс Қазақстан облысында сіріңкемен ойнап жүрген 7 жасар қызды күйік шалды, деп хабарлайды Экспресс К облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Фото: pixabay.comОқиға 8 тамыз күні сағат 13.00-де Теректі ауданы Долинный ауылында болған.

PixabayОқиға 8 тамыз күні сағат 13.00-де Теректі ауданы Долинный ауылында болған.
Ауласында сіріңкемен ойнап жүрген 2015 жылғы қыздың киімдері өртеніп кеткен. Оқиға салдарынан 2-3-дәрежелі термиялық күйік алған қыз Оралдағы қалалық көпбейінді ауруханаға жатқызылды,— делінген хабарламада.


Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қыздың денесін 22 пайыз күйік шалған. Жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.





OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.