Бір отбасының 4 адамы газдан уланып көз жұмды

1 208

Фото: pixabay.comЖамбыл облысында екі отбасының 6 адамы газдан уланып қаза болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жамбыл облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 қазан күні сағат 07:40 шамасында Жамбыл ауданы, Қызылшарық ауылында жеке тұрғын үйде табиғи газбен жанатын пештің сөніп қалуы салдарынан 3 адам газдан уланып қалған. 1963 жылы туған үй иесі мен оның 1988 жылы туған ұлы оқиға орнында көз жұмды, ал 2007 жылы туған немересі ауыр халде ауруханаға жатқызылды.

 Сондай-ақ 16 қазан күні Рысқұлов ауданы, Жарылсу ауылында жеке тұрғын үйде газ плитасынан газ тарап, үй иелері 1967 және 1975 жылдары ерлі-зайыпты және олардың 2011 және 2019 жылы туған балалары уланып көз жұмды. Екі қайғылы оқиғаға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі осы деректерге қатысты «Адам өлімі» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.